Text für die vergleichende Sprach- und Kulturanalyse und Übersetzung Салыстырмалы анализ бен аудармаға арналған мәтін Алғы сөз Жарияланып отырған «Тары» («Тары баптау» деп те атауға болады) поэмасын немістің өлемге әйгілі драматургі, ақыны, романисі Бертольт Брехт 1950 жылы жазған. Б.Брехт Қазақстанда болмаған. Шығанақ Бересеұлын да көрмеген. Поэма совет жазушысы Геннадий Семенович Фиштің «Болмасты болдырған» («Человек, сделавший невозможное») атты әнгімесінің ізімен құрылған. Г.Фиштің бұл әңгімесі 1948 жылы «Огонек кітапханасының» №43-44 санында жарияланыпты.
Г.Фиштің Шықаңның өзін көрмесе де, Ойылда болып, ол кісінің звеносымен кездесіп, тары өсірудің мен-жайымен танысып, Шықан қолданған интенсивті өдістерді тартымды түрде әңгімелеп берген. Әңгімеде Шығанақ Берсеұлы жеке дара суреттелмей, ол кісімен қызметтес болған көптеген ауыл еңбеккерлерінің есімдері аталып, олар туралы мағлұматтар берілген. Солардың ішінде Мираб Әлібек Махамбетұлы, «Жаңа жол» колхозының мүшесі Шықаңның құдасы Көшкен Соқырұлы, «Кемерші» колхозының мүшесі, Шықаңның шәкірті саналған Зәуре Баймолдақызы, Шықаңмен жарысқа түскендердің бірі Хобда ауданындағы Роза Люксембург атындағы колхоздың звено басшысы Әзима Бектенқызы, Шықаң басқарған звено мүшелері Жайқа Есенғалиқызы, Ақбала Берісқызы, Жеңсұлу Жұмағазықызы, насос жүргізуші Иемберлі Есенғалыұлы, Шықаңмен социалистік жарысқа түскен Ырғыз ауданының тарышысы Өксікбай Әшімбайұлы сияқты адамдардың есімдері бар.
Б.Брехттің бұл поэмасы оның ең таңдаулы шығармаларының қатарына жатады дей аламыз. Поэманың құндылығы сюжет байлығы немесе әдеби көркемдігіне де емес. Мұнда Б.Брехттің назарын аударған басты мәселелері: басқаның емес жаңадан ғана отырықты тұрмысқа үйрене ең жоғарғы түсім алуы; бүкіл совет халқы сияқты қазақ халқының да Отанға деген терең сүйіспеншілігі, адал патриоттық сезімі, қазақ халқының қажымас еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, қонақжайлығы. Міне осындай тамаша қасиеттерді өз халқының тағдырына разы болмай жүрген Б.Брехт адамгершілігі ілтипатпен сезінгендей. Жаңа социалистік Германия халқына біздің ұлы совет халқынан тәлім алыңдар дегендей.
Б.Брехт қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін терең түсініп суреттейді. Тіпті осы елдің арасында өмір сүріп, олардың әдет-ғұрыптарын білетін адамдай көрінеді. Бұл тамаша суреткердің қиял тереңдігі мен сезімталдығының айғағы.
Жарты ғасыр бұрын жазылған поэманың тәрбиелік мәні бүгінгі таңда арта түспесе кемір деп айта алмаймыз. Сол үшін немістің ұлы жазушысына шын жүректен алғысымызды айтпақпыз. Қазақ халқының асыл перзенттерінің бірі Шығанақ Берсеұлын өз халқына паш еткені үшін, ол туралы ұмытылмас мұра қалдырғаны үшін Шықаңның бүгінгі ұрпағы Б.Брехт алдында бас иіп тағзым етеді. Интернационалдық қарым –қатынастың шынайы сипаты осылай болса керек деп ойлаймыз.