Жүк салу түсіру және көтергіш крандармен,
механизмдермен жұмыс істеу ережесі
Салу-түсіру жұмыстары (ПГР) жауапты адамның басшылығымен істелу керек.
ПГР жұмыстары негізінен механизмдермен,крандермен істеледі,егер жүктің салмағы 50кг асса және оны көтеру биіктігі 2 метрден асса онда көтергіш механизмдер қолданылуы керек.
Ылғи салу-түсіру жұмыстары жүретін жерлерде екі адамға 60-80кг. жүкті қолмен түсіруге ұлықсат етілген.Жүкті 20метр жерге көтеріп бару үшін бір адамға келетін салмақ:
1 16-18 жасар қыздар,әйелдер үшін - 10кг.
2 18-ден жоғары - 20кг.
3 еркектер 16-18 жастағы - 10кг.
4 18-ден жоғары - 50кг. Екі әйелге 50кг. жүк көтеруге болады.
Жүк көтергіш механизмдер жұмыс жасап жатқан аумақта бөтен адамдар тұруға болмайды.
Жұмыс басталар алдында көтергіш механизмдердің,крандердің,такелаждардың арқандардың және басқа керекті заттардың жарамдылығын тексеру қажет.
Жұмысшылар инструктаж өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
Жарамсыз механизмдер мен құрал-саймандармен жұмыс імтеуге болмайды.
Жүк өтетін жолдар таза болу керек.
Жұмыс орындарында жер тайғанақ болмау керек,онда жерге құм себу керек.
Жүкті тәртібімен, ең үстіңгі жерден алу керек
Әдебиеттер
1. Закожурников Ю.А. «Транспортировка нефти, нефтепродуктов и газа» -ИнФолио, 2010.
2. Коннова Г.В. «Оборудование транспорта и хранение нефти и газа»- Феникс, 2006
3. Карабалин У.С., Мамонов Ф. С., Кабылдин К.Н., Ермеков М.М. «Транспортировка и хранение нефти, нефтепродуктов и газа» -Алматы 2005
4. КС-5 компрессорлық станциясының «Пайдалану инструкциялары»
Достарыңызбен бөлісу: |