Қоршаған ортаны қорғау Мұнайгаз өндірісі қоршаған ортаны ластайтын өндіріске жатады.
Мұнайгаз кенорындарын игеру әруақытта қоршаған табиғатқа және жынысқа өзінің техногендік әсетін тигізеді.Қоршаған ортаны және жынысты қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және ол дүниежүзілік ережелер мен қалыптарға лайықты болуы керек.
Мұнайдың экосистемаға тигізетін биогеохимиялық әсеріне түрлі көмірсутекті және көмірсутекті емес компонентер әсер етеді, оның ішінде түрлі минаралды тұздар мен микроэлементтер бар. Бір компоненттердің улы әсері екінші компоненттердің кері әсерінен жойылып кетуі де мүмкін. Сондықтан мұнайдың улылығы оның құрамындағы жеке компоненттердің қасиетімен есептелмейді. Дегенмен кейбір компоненттердің өзара қосындысы – қосынды эффектісімен көрінуі мүмкін.Қосынды эффектісі дегеніміз- ортадағы қосылу процессі ,ол өзінің құрамына кіретін компоненттердің улылығынан да жоғары улылық көрсету мүмкін,сондықтан да ол ерекше қауіпті.
Мұнайгаз өндірісінде ерекше қауіпті жағдай- гидросфераның (ашық сулар мен жер асты сулары), атмосфераның (ауаның), литосфера (жыныстың) лайлануы.Химиялық құрамы жағынан әртүрлі қатты қалдықтар, тұйық сулар жер жынысын лайлап олардың санитарлық-гигиеналық жағдаын бұзады да ,олардың биологиялық өнімділігін кемітеді.
Технологиялық жабдықтардың қоршаған ортаны ластауға тигізетін
әсерлерінің негізгі себептері;жалғаулардағы ақаулар, фланецтік жалғаулардың тығыздығының кемістігі,тат басудан болған апаттар, трубалардың жарылуы, ремонт немесе күтім кезіндегі ағып кетулер.
Мұнайгаз өндірісіндегі, қайта өңдеу кәсіпорындарындағы қоршаған ортаны ластағыштарға жататын
компоненттер:күкірттісутегі,күкіртті ангидрит,көмірқышқыл тотығы, тотықтар және басқа ІІІ-ІV класка жататын улы заттар.
Газды факелде жаққанда радиусы 200-300м. төңіректе ауаның бұзылуы мен қатар барлық өсімдіктер қурап қалады, ал 2-3км аумақта талдардың жапырақтары түсіп қалады. Мұнайгаз кенорындарын игеру кезінде жер қыртысы мұнай қалдықтарымен,түрлі химиялық жоғарғы минералды тұйық сулармен былғанады.Мұнай және оның қалдықтары
жер қыртысына сіңгенде оның қасиеттерін өзгертеді, битумға ұқсас саз балшық, гидронизация, қыртыстың цементтелуі және т.б.құбылыстар түзеді. Бұл өзгерістер өсімдіктердің өсуін қиындатады биоөнімділігін кемітеді.
ұшырайды. Мұнай жер қыртысына да өсімдіктерге де өте зиянды әсер етеді. Мұнай қыртысқа сіңген сайын көмірқышқыл мен азоттың ара қатынасы кемій береді, азоттың көлемі азайады,қортындысында өсімдіктің қоректенуі нашарлайды. Мұнай жер бетінде де жер астында жер қыртысын қатты лайлайды, ал ондай жерлер көптеген жылдар бойы пайдалануға келмейді.