Электр жабдықтардың техникалық күйін анықтау
Техникалық күйін анықтау (диагностика) - бұйымдардың техникалық күйін анықтап, оның ақауларын білу әдістері мен құралдары туралы ғылым.
Техникалық күйін анықтау дегеніміз – нысанның күйін танып білу, нәтижесінде нысанның техникалық күйі туралы қорытынды жасау, демек, техникалық күйін анықтау: асинхронды мотордың С1, С4 фазаларының орамында орамдық тұйықталу бар, оқшаулағыш суланған (дымданған) және т.б.
Күйанықтау (болжамдау) тәсілдері – дегеніміз нысанның техникалық күйін анықтауға мүмкіндік беретін әрекеттердің жиынтығы мен тәртібі. Тәжірибе кезінде нысанға ықпалды әрекет етеді де оның күйін анықтау өлшемдерін немесе күйін анықтау белгілерін өлшейді. Бақылау нәтижесі бойынша нысанның күйін анықтайды. Мысалы, оқшаулағышты жоғары кернеу арқылы сынап, кернеудің азаюы арқылы, оның, жарамдылығы туралы қорытынды жасайды.
Күйанықтау жүйесі – дегеніміз нысан, әдістері мен күйанықтау құралдарының жиынтығы. Күйанықтау жөнінде шығарылатын есептерді міндеті мен түріне қарай сақтандыру, дифференциалды, функциялық және болжамдық деп бөледі.
Сақтандыру күйанықтауының мақсаты эксплуатация кезінде өзінің қызмет ету мүмкіндігін тауысқан тетіктер мен элементтерді, демек, нысандағы өлшемдері өзінің қызмет мүмкіндігі шегіне таяу элементтерді анықтау (нысанның осал жерін оны жөндеуге шығармай-ақ табу). Осы мақсатпен, жүйелі түрде, жоспарлы сақтандыру сынағын өткізіп тұрады.
Дифференциалды күйанықтау электр жабдықтарының кейбір ақаулы жерлерін кезекті техникалық қызмет пен жөндеу кезінде анықтауға арналған. Алынған мағлұматтар бойынша, қажетті жөндеудің түрін белгілейді (ағымдық, әлде күрделі жөндеу). Дифференциалды күйанықтауға арнайы және жалпы анықтауға арналған аспаптарды қолданады. Қарапайым омметрлер (мегомметрлер) электр жабдығының өткізгіштеріндегі, қоспаларындағы және басқа да элементтеріндегі үзілу, тұйықталу, түйісу, оқшаулау т.б.ақауларды анықтауға мүмкіндік береді ылғалдылықты анықтайтын арнайы аспап (ПКВ),
оқшаулағыштың дымқылдану деңгейін, ал жоғары жиілікпен өлшейтін (ВЧФ) аспап, электр мәшинелері орамдарындағы тұйықталуды анықтайды. Сонымен қатар, дифференциалды күйанықтау анықтама әдебиеттер мен нақтылы электр жабдықтарының техникалық түсініктемелерінде келтірілген, сол жабдыққа тән ақаулар келтірілген, кестені пайдаланып жүргізуге арналған.
Функционалды күйанықтау тәсілі электр жабдықтарының жұмыс істеу және жұмыс қабылеттілік қасиеттерін эксплуатациялаудың кешенді қасиеттерін (сипаттарын) бақылау, үлгі немесе арнайы сынақтар кезінде анықтау, оларды қалыпты немесе атаулы тізімдердегі қасиет көрсеткіштерімен салыстыруға арналған.
Болжамдық күй анықтау, алдағы уақытта бұйымның күйі қандай боларын және бұзылудың ықтимал сәтін алдынала анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін, элементтердің, болжам жасау алдындағы, қалған қор мүмкіншілігі өлшемдерінің өзгеру заңдылықтары туралы мағлұматтар негізінде бақылайды. Мысалы, айгөлектердің саңылауының нақтылы және шекті мәндері белгілі. Олардың мәндерінің айырмасын айгөлектің қажалу жылдамдығына бөліп, оның қалған мүмкіндік қорын табамыз, сол арқылы айгөлектің қашан бұзылуы тиіс екенін білеміз. Дегенмен, сенімді болжамдауды қарапайым жағдайларға ғана пайдалану мүмкіндігі бар.
Электр жабдықтарын эксплуатациялауда, болжамдау күйанықтау жүйесін құру, жабдықтардың тозу және ескіру процесстерін анықтаудың күрделілігі сияқты, бірқатар, әдістемелік қиыншылықтармен байланысты.
Белгілі мөлшерде болжамдауды сақтандыру сынақтарында іске асырады, неге десеңіз, ескерту сынағына шыдас берген электр жабдықтарының келесі сынаққа дейін бұзылмай жұмыс атқару мүмкіндіктері жоғары екенін статистикалық мағлұматтар дәлелдеуде.
Ауылшаруашылық электр жабдықтарын техникалық эксплуатацияны одан әрі жетілдірудегі басты бағытының бірі – тәжірибеге болжалдау күйанықтау жүйесін кеңінен енгізу.
Оқшаулағыштың күйін анықтау
Электр өрістерінің әсерінен, оқшаулағыштарда, күрделі процесстер жүріп жатады. Біріншіден, диэлектриктерде бос электрондардың болуынан оқшаулағышта, әрқашанда, өте шығатын тоқ пайда болады, іи, екіншіден, баяу полярлануы, демек, абсорбция тоғын іа, туғызатын қос өрісті (дипольдық) молекулалардың ығысуы мен бұрылуы болады, үшіншіден, серпінді ығысу және атомдар мен иондардың электрон қабыршығының дерформациялануы кезінде ығысу тоғы іс құрылуы салдарынан лездік поляризациялану жүреді.
Оқшаулағыштардың күйін анықтаудың негізгі тәсілдеріне: оқшаулағыштың кедергісін өлшеу; оқшаулағыштың сиымдылығын өлшеу; диэлектриктік шығынды өлшеу; жоғарғы кернеумен тұрақты және айнымалы тоқтарда сынау. Оқшаулағыштың күйі жайлы толық қорытындыны өлшем қорытындыларының жиынтығы бойынша анықтайды. Бірқатар жағдайларда
оқшаулағыштың сапасы жайлы жеткілікті мөлшерде толық мағлұматтар беретін кейбір басым өлшемдерді бөліп қарастырады.
Оқшаулағышты мына ретпен тексереді. Фазалардың бірінің орамасын микроамперметр арқылы реттелетін айнымалы тоқтың көзіне жалғайды. Біртіндеп кернеуді 1200 В дейін көбейтеді, тоқты есептегіштер І2 жазып отырады. Қалған фазаларды осылай өлшейді. Орамның нөлдік нүктесіне қол жетпейтін болса, онда тоқ көзіне орамның біреуінің ұшын жалғайды, демек, үш фазаның оқшаулағыштың бүтін болғаны; бір фаза үшін кернеу 1800 В кезінде тоқтың азаюы 95 мкА-ден артпайды (үш фаза үшін 230 мкА); тоқтарың салыстырмалы өсімі 0,9-дан аспайды; фазалардағы тоқтың симетриясыздық еселігі 1,8-ден аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |