Қазақстан республикасының білім және ғылым


Электр түйіспелерінің күйін анықтау



бет13/15
Дата24.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#64594
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Мукатаев Адиль
Тема 14 вариант 1, 2, 3, Мукатаев Адиль
Электр түйіспелерінің күйін анықтау

Кез-келген электр жабдығының электр тізбегінде әртүрлі элементтер болады, олар өзара электр түйіспелері арқылы жалғасады. Мысалы төмен вольтты желіде үш фазалы бір электр тұтынушыға орта есеппен 60-қа жуық электр түйіспеден келеді. Солардың кез-келгенінің күйіне бүкіл электр қондырғының жұмыс қабілеті тәуелді. Сондықтан электр түйіспелерін үнемі бақылап тұру – электр жабдықтарының сенімділігі жоғары болуы үшін, атқарылатын жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі.

Электр түйіспесі дегеніміз тоқтың өткізетін бөлімнің бірінен басқа бөлігіне өту орыны. Өзінің міндетіне қарай, түйіспелер жалғастырушы және тізбектегі тоқтың бағытын өзгертуші болып бөлінеді. Біріншісі әртүрлі электр тізбегін жалғастыруға, ал екіншісі электр тізбегін қосуға, ажыратуға және басқасына қосуға арналған. Түйіспелердің құрылыстық жағынан көптеген түрлері белгілі. Жалғастыру түйіспелері бөлшектелетін (болтты, винтті, сыналы) және бөлшектенбейтін болып бөлінеді (балқытып біріктірілген, дәнекерленген, басы қайырылып топталған және т.б.). Тоқты қосуға, ажыратуға т.б. арналған түйіспелерді қозғалу принципі бойынша (қозғалмалы, қозғалмайтын), қозғалу дәрежесіне қарай (өзі орнығатын, өзі орнықпайтын), геометриялық түріне қарай (жонылған, құйылған, беттік), салқындату түріне қарай (табиғи, жасанды), міндетіне қарай (басты, доғаөшіргіш, т.б.) Және басқа белгілері бойынша жіктейді.
Түйіспелердің күйін негізгі немесе, көмекші өлшемдері бойынша анықтайды. Оның біріншісіне өтпелі кедергі, кернеудің төмендеуі мен түйіспелердің қызу температурасы, ал екіншісіне – жанасу ауданы, ерітінді түйіспелерді қысу күшінің төмендеуі мен күшеюі жатады.

Түйіспенің өтпелі кедергісі деп тоқтың бір түйісу бетінен екіншісіне өтер жеріндегі, біріншіден, түйісу қимасының ауданының тегіс еместігінен, екіншіден газ және май қабыршақтары кедергісінен, сондай-ақ тозаң, түйіспенің абсорбтанған беттерінен туындайтын қосымша кедергіні айтадыБеттік кедергінің маңызы көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастысы - микрорельеф, қысым күші мен түйіспе бетінің материалына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет