ІІІ.Ұйымдастыру-техникалық бөлімі ...........................................................33.
IV.Қауіпсіздік техникасы ................................................................................39.
V.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................44.
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатыны.
Электр энергиясының негізгі өндірушілері:
I. Жылу электрстанциялары (ЖЭС): Конденсациялық электрлік станциялары (КЭС); Жылумен жабдықтау электрлік станциялары (ЖЖЭС); Атомдық электрлік станциялары (АЭС).
II. Су электрлік станциялары (СЭС): Су жинаушы электрлік станциялары (СЖЭС).
Аталған электрлі станциялардың ішінде кең қолданылатын ТЭЦ-80%, ГЭС-16%, АЭС-4%.
Генераторлар мен электр энергиясының тұтынушылары анықталған стандартты кернеуге (ГОСТ 721- 04 ) шығарылған,сондықтан электр энергиясын бергенде, таратқанда оны бірнеше рет түрлендіреді.
Айнымалы түрлендіргіштер ретінде күштік трансформаторлар қолданылады.Электрлі құрылғылар, айнымалы токты қабылдайтын,бір жиілікте,бір кернеу шамасын басқа шамаға түрлендіру және ол энергияны тарату үшін арналған құрылым трансформаторлы қосалқы станция деп аталады.
Трансформаторлы қосалқы станциялар құрылған жерлеріне байланысты аудандық жәнежергілікті түрлерге бөлінеді.Түрлендірілген кернеу бойынша жоғарылату және төмендету түрлерге бөлінеді.Фазалар бойынша бір фазалы,үш фазалы (ТМД бойынша),т.б.
Аудандық қосалқы станциялар үлкен аудандарды- қалалық,өнеркәсіптік, электрлендірілген темір жол тұтынушыларды электрмен жабдықтайды.
Жергілікті қосалқы станциялар көлемі үлкен емес қалаларды, ауылшаруашылықтарды, темір жол станцияларды, тораптарды электрлі энергиямен жабдықтайды.
Электр энергияның тұтынушылары беріктігі бойынша (сенімділігі бойынша) үш категорияға бөлінеді:
* I-категория – ең жауапты тұтынушылар,оларды үздіксіз электрлі энергиямен қамтамасыз ету керек. Олар екі және одан көп қоректендіру көзінен жабдықталынады, резерв қоректендіру көзі жұмысқа автоматты түрде қосылады, мысалы, стратегиялық объектілер.
* II-категория – жауапты тұтынушылар,оларды қысқаша уақытқа қоректендіру көзінен ажыратуға болады.
* III-категория – барлық қалған тұтынушылар, оларды тәулік бойы апаттық жағдайда қоректендіру көзінен ажыратуға болады.
Тұтынушылардың түріне байланысты сыртқы электрмен жабдықтау желісі және бастапқы коммутация қондырғылары таңдалады.
Сондай-ақ қосалқы станцияларда әр түрлі аппараттар қолданылады. Тағайындалуы бойынша аппараттар бөлінеді:
I)Коммутациялық аппараттар, оларды төмен және жоғары кернеулі тізбектерді қосу және ажырату үшін қолданылады.Төмен кернеулі тізбектерде - рубильниктер,ауыстырып-қосқыш, контактрлар, магнитті қосқыш,әуе ажыратқыш.
Жоғары кернеулі тарату құрылғыларда: әуе ажыратқыштар және тұрақты токты шапшаң әрекеттесетін автоматты ажыратқыш, қысқа тұйықталғыштар және бөлгіштер,айырғыштар.
II)Қорғау аппараттары: балқығыш сақтандырғыштар және разрядтауыштар.
III) Қысқа тұйықталу токтарға кедергі жасау аппараттары-қосымша резисторлар,реакторлар.
IV)Өлшеу аппараттары және аспаптары ток және кернеу трансформаторлары;электрлі параметрлерді өлшеу аспаптары (A,V,W т.б.)
V)Қорғау,басқару,автоматика және электрлі жүйенің ПӘК
жоғарылату аппараттары.
Электр станцияда генератормен өндірілетін 3 фазалы ауыспалы тоқ жиілігі 50Гц, қуаты 10кВ және одан жоғары қосалқы станциядаөндіріледі. Ал, 35, 110 тоқ жиілігі 50Гц, қуаты 10кВ және одан жоғары қосалқы станцияда10кВ желі арқылы одан жоғары қуатты электр өткізгіштен трансформатор арқылы тұтынушыға беріледі. Қосалқы станцияның трансформаторының қуаты 380/220 кВ қуаты төмен энергия станциядан қосалқы станция тұтынушыларына пайдалануға беріледі. Белгілі ортада құрылған электр өткізгіш ауадағы кабельді шиналарды «электр желісі» деп атайды. Қосалқы станция қуатты және төмен болып екіге бөлінеді. Қуатты қосалқы станция электр станцияға жақын орналасады. Төмен қуатты қосалқы станция тұтынуға берілген электр күшімен сәйкес. Оның 10(11)кВ немесе қайталанбалы 10(11)және 35(38,5) кВ электр күші болады. Қосалқы станцияда екі орамды трансформаторлар және үш орамды трансформаторлар болады. 35кВ кернеуі бар энергияны алыс аудандағы қосалқы станцияларда пайдаланылады, ал 10кВ-ты жақын жердегі қосалқы станцияларда пайдаланады.
Тоқ өткізетін бөлшектер:
Оқшаулатқыш деп электротехникалық құралды айтады. Оның көмегімен электр қондырғыларды және оның бөлшектерін тоқ өткізетін бөлшектерден оқшаулайды және орнатады. Ол үшін оқшаулатқыш электрлік және механикалық төзімді болу керек. Электрлік және төзімділік тесілу кернеумен сипатталады және оқшаулау үстіндегі құрғақ және дымқыл разрядтармен импульсті кернеу разрядтармен сипатталады. Механикалық жүктеме қирататын жүктемеден 60% болады. Яғни, қирататын жүктеме кезінде оқшаулатқыш қопарыла бастайды. Оқшаулайтын материалы фарфор, шыны, полимерлік материалдар болуы керек. Дымқылдыққа төзімді болу үшін фарфор оқшаулатқыштың үстін шынылайды. Ақ немесе қоңыр түсті қылып.
Тоқ өткізетін бөлшектерге оқшауланған және оқшауланбаған тоқ өткізгіштер жатады. Олар арқылы электр энергиямен қоректендіретін көздерді қабылдағыштармен әртүрлі қайта қосатын апараттар арқылы қосады. Тоқ өткізетін бөлшектерге шиналар, кабельдер, сымдар жатады.
Шиналар дегеніміз- оқшауланбаған тарату қондырғыларда орнатылған тоқ өткізетін бөлшектерді айтады.
Шиналардың керекті электр төзімділігі болуы керек және механикалық төзімділігі. Шиналардың керекті электр төзімділігі болуы керек және механикалық төзімділігі.
Электр энергия жоғалтушиналарда аз болуыкерек.
Қысқа тұйықталу кезінде әсер ететін күштерге механикалық төзімділік болу керек.
Шиналар мыстан және алюминиден, болаттан жасалады. Мыстан жасалған шиналардың электрлік кедергісі аз болады және механикалық төзімді болады. Олардың қуаты көп электр қондырғыларда қолданылады. Алюминидің кедергісі мысқа қарағанда артық, механикалық төзімділігі кемдеу. Бірақ салмағы жеңіл және бағасы арзан. Шина материалдарын түсті металдарды аз қолдану керектігін есепке алады. Сондықтан 300-400А тоқтарға болаттан жасалған шиналарды қолдануға тура келеді.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуда. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |