Қазақстан Республикасының білім және жылым министрлігі


Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.04.2022
өлшемі228,76 Kb.
#137772
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
антикорупция

Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және 
түрлері 
Сыбайлас жемқорлық (коррупция) – қазіргі кезеңде әрбір мемлекетте белең 
алған қоғам үшін қауіпті құбылыстардың бірі. Оның тамыры ерте тарихи 
дәуірлерден бастау алады. Бұл күрделі де кең ауқымды әлеуметтік құбылыс 
және көптеген әртүрлі деңгейдегі құқық бұзушылықтарды біріктіреді 
(қылмыс құрамдары, әкімшілік және тәртіптік құқықбұзушылықтар). 
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қўбылыс ретінде саяси дамуына қарамаста
н қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлі де бар және олардың тек 
ауқымымен єана ерекшеленеді. Сондықтан мемлекетімізде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы кїрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының 
бірі ретінде айқындалєан. Сыбайлас жемқорлық өте күрделі, қауіпті 
зардаптары көп болатын ауқымды, негативті әлеуметтік құрылыс. Осыған 
байланысты сыбайлас жемқорлықпен күресте кешенді шаралар қолданылуы 
керек. 
«Сыбайлас жемқорлық» өте күрделі құбылыс болғандықтан оның нақты бі
р анықтамасын, барлық жақтарын қамтитын сипатын толық айқындау 
күрделі жұмыс. Өйткені бұл құбылыстың тек құқықтық ғана емес, 
криминологиялық, криминалистикалық, психологиялық, әлеуметтік 
(социологиялық) категория екендігін атап өткен жөн. Сыбайлас 
жемқорлықтың әлемге тараған атауы «коррупция» латынның «corruрtio» 
терминін білдіреді және ол «бүлінген, шіріген, сынған» деген ұғымды 
білдіреді. 
Сыбайлас жемқорлықтың негізгі белгілері: 
Енді сыбайлас жемқорлықтың қырларын көрсететін белгілеріне тоқталар бо
лсақ, қандай мемлекет және заңнаманың даму деңгейіне қарамастан оның 
көпшілік таныған, жалпы белгілерін атауға болады. 
1) сыбайлас жемқорлық (коррупция) – бұл әмбебап әлеуметтік құбылыс, 
яғни қай мемлекет болмасын, 
оның даму тарихы осы құбылыспен қатар жүріп келеді және қоғамдағы бас
қа да құбылыстармен, оның ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
институттармен тікелей байланысты. Осы аталған салалардың дамуы 
мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықтың да деңгейін анықтайды. Мысалы, 
мәдени саланы алатын болсақ, құқықтық мәдениет (онымен байланысты 
құқықтық нигилизм, құқықтық сана) жалпы мәдениеттің бір түрі. Өкінішке 
орай, біз құқықтық мәдениетімізді жоғары деп айта алмаймыз. Ал оның 
деңгейі құқықтық салада заң нормаларының орындалуымен, құқықтық 
реттеумен байланысты. 



2) сыбайлас жемқорлық – бұл тарихи құбылыс және ол тамырын көне 
заманнан алады. Мысалы, біздің э.д. 24 ғасырда Ежелге Вавилон патшасы 
Урукагина парақорлықпен күресу үшін мемлекеттік қызметке реформалар 
жүргізгені туралы деректер бар. Бертін, парсы патшасы Камбис бір жемқор 
судьяның терісін тірідей сыпырып, басқа судьяларға сабақ болсын деп 
онымен сот орындығын қаптатқан. Орыс патшалары Иван Грозный, Петр І 
онымен күресте мысал болады. Өз тарихымызда М. Әуезовтың танымал 
«Абай жолы» романында болыстыққа тлас кезінде парақорлықтың 
болғандығын көрсетеді1. 
3) сыбайлас жемқорлық – моральға және діни нормаларға жат қылық. 
Бұл жөнінде дәстүрлі діндердің барлығында айтылған және ол күнәнің бір т
үрі ретінде қарастырылған. 
4) сыбайлас жемқорлық – құқыққа қайшы құбылыс. 
Онымен байланысты құқық бұзулықтың түрлері қылмыстық, әкімшілік заң 
актілерімен анықталған және оларды жасағаны үшін жауапкершілік шегі 
анықталған. Бұған қосымша тәртіптік құқық бұзушылықтарды атауға болады. 
3. Халықаралық құқықтағы сыбайлас жемқорлықтың ұғымы. 
Ресейлік белгілі криминолог сыбайлас жемқорлықты әлеуметік көлеңкелі 
құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан 
тұратынын айтады. А.И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, 
коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының 
пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіктерін және онымен байланысты 
беделі мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп көрсеткен. 
БҰҰ Анықтамалық құжатында «сыбайлас жемқорлық – бұл өзінің жеке бас
пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану» деп қысқа анықтама 
берілген. Ал Еуропалық кеңестің жұмыс тобы берген анықтама мазмұны 
кеңірек: «сыбайлас жемқорлық деп парақорлықты және мемлекеттік немесе 
жеке секторда белгілі бір міндеттерді атқаруға тиісті тұлғаның өз мәртебесіне 
сай келмейтін, өзі немесе басқалардың бас пайдасы үшін заңсыз пайда 
табуы». Бұл анықтаманың мазмұнына сай сыбайлас жемқорлықтың 
субъектісі болып тек мемлеекеттік қызметкерлер емес, жеке кәсіпорындар 
мен басқа да заңды тұлғалардың қызметкерлерін де атауға болады. 
Кейбір ғалымдар (Волженкин В.) сыбайлас жемқорлықтың дәрежелін 
анықтаған. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың «жоғарғы» және 
«төменгі» деңгейлері бар, аталғандардың алғашқысы мемлекеттік 
аппараттағы жоғарғы шендегі адамдар болса, екіншілері дәрежелері төмен 
шенеуніктердің өз қызмет бабын теріс пайдалану жағдайлары2. 



1.ҚР заңнамасындағы сыбайлас жемқорлықтың анықталуы. 
Елімізді сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 1991 жылдан айта бастады. 
Сол жылдың наурыз айында Қазақстан республикасы Президентінің 
«Қылмыстың ұйыдасқан түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 
күшейту туралы» Жарлығы шықты. Бірақ, аталған құжатта сыбайлас 
жемқорлықтың ресми анықтамасы берілмеді. Сол құжаттан кейін бірнеше 
жылдар бойында сыбайлас жемқорлықпен күресті оны нақты анықтаусыз 
жүргізіп келдік. Тек 1998 жылы 2-ші шілдеде ТМД мемлекеттерінің арасында 
алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және онда осы құбылыстың 
анықтамасы берілді. Заңға сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын 
адамдардың, сондай-ақ соларєа теңестiрiлген адамдардың лауазымдық 
өкiлеттiгiн және соєан байланысты мїмкiндiктерiн пайдалана отырып не 
мїлiктiк пайда алу їшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке 
өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мїлiктiк игiлiктер мен 
артықшылықтар алуы, сол сияқты бўл адамдарєа жеке және заңды 
тўлєалардың аталєан игiлiктер мен артықшылықтарды қўқыққа қарсы беруi 
арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ўєынылады. 
2. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың түрлері
Құқықтық категория ретінде сыбайлас жемқорлық бірнеше және әртүрлі са
ладағы құқық бұзушылықтардың басын қосады. Жоғарыдағы айтылған 
арнайы заңға сәйкес, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда 
белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп 
соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас 
жемқорлық їшiн жаєдай туєызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа 
байланысты қўқық бўзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен қўқық 
бўзушылықтар) болып табылады 
Сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық сипатына тоқталар болсақ, 
жалпы белгілерін атауға болады. 
1) сыбайлас жемқорлық (коррупция) – бұл әмбебап әлеуметтік құбылыс, яғни 
қай мемлекет болмасын, оның даму тарихы осы құбылыспен қатар жүріп 
келеді және қоғамдағы басқа да құбылыстармен, оның ішінде саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, мәдени институттармен тікелей байланысты. Осы 
аталған салалардың дамуы мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықтың да 
деңгейін анықтайды. Мысалы, мәдени саланы алатын болсақ, құқықтық 
мәдениет (онымен байланысты құқықтық нигилизм, құқықтық сана) жалпы 
мәдениеттің бір түрі. Өкінішке орай, біз құқықтық мәдениетімізді жоғары 
деп айта алмаймыз. Ал оның деңгейі құқықтық салада заң нормаларының 
орындалуымен, құқықтық реттеумен байланысты. 



2)сыбайлас жемқорлық – бұл тарихи құбылыс және ол тамырын көне заман
нан алады. Мысалы, біздің э.д. 24 ғасырда Ежелге Вавилон патшасы 
Урукагина парақорлықпен күресу үшін мемлекеттік қызметке реформалар 
жүргізгені туралы деректер бар. Бертін, парсы патшасы Камбис бір жемқор 
судьяның терісін тірідей сыпырып, басқа судьяларға сабақ болсын деп 
онымен сот орындығын қаптатқан. Орыс патшалары Иван Грозный, Петр І 
онымен күресте мысал болады. Өз тарихымызда М. Әуезовтың танымал 
«Абай жолы» романында болыстыққа тлас кезінде парақорлықтың 
болғандығын көрсетеді3. 
3) сыбайлас жемқорлық – моральға және діни нормаларға жат қылық. Бұл 
жөнінде дәстүрлі діндердің барлығында айтылған және ол күнәнің бір түрі 
ретінде қарастырылған. 
4) сыбайлас жемқорлық – құқыққа қайшы құбылыс. 
Онымен байланысты құқық бұзулықтың түрлері қылмыстық, 
әкімшілік заң актілерімен анықталған және оларды жасағаны үшін 
жауапкершілік шегі анықталған. 
Сыбайлас жемқорлықтың басқа қылмыстылық түрлерімен 
байланысы Сыбайлас жемқорлық ұйымдасқан қылмыспен, 
экономикалық қылмыстылықпен (железный треугольник: 
криминальный бизнес – организованная преступность - коррупция) 
3. Сыбайлас жемқорлықтың себептері: 
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда орын алуының өзіндік себептері бар. 
Сондықтан онымен күрес тиімді болуы үшін оның себептерін, 
сонымен байланысты құқық бұзушылықтарды жан-жақты зерттеп, саралау, 
талдау жасаудың маңызы зор. Бізде сыбайлас жемқорлықпен күрестің көп 
жағдайда қылмыстық -құқықтық жолдары басым тараған, яғни сыбайлас 
жемқорлықпен байланысты тұлғаларды жауапқа тарту. Ал жалпы қылмыспен 
күресте, сыбайлас жемқорлықпен күресте олардың салдарымен емес, осы 
құбылыстарды туғызатын себептерге шаралар қолдану керек. 
Сыбайлас жемқорлық – көп қырлы, күрделі құбылыс. Оның таралуына, 
дамуына көптеген себептер (детерминаттар) 
бар және олар мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты. 
Криминология ғылымында қылмыстың себептері немесе детерминанттары 
деген тақырып бар. Детерминант латын тілінен аударғанда «анықтаушы» 
немесе «себепкер» деп аударылады. Қылмыстылықпен күресу тиімді болу 
үшін ең алдымен сол қылмысты туғызатын , соған себепкер болатын 
себептерді анықтау керек.
Жалпы алғанда көптеген заң және арнаулы әдебиеттерде сыбайлас жемқорл
ықтың себептері ретінде келесі жағдайлар аталады:



Тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң актілерінің болмауы немесе 
олардың тиімсіздігі;
Сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдардың қызметінің 
тиімсіздігі; 
Халықтың құқықтық санасының төмен болуы, ал ол төмен болса сыбайлас 
жемқорлықтың өсіп өркендеуіне жол береді. 
ТМД соның ішінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа әкелетін келесі себ
ептер бар: 
Сыбайлас жемқорлығының кадрлық базасы реттеушілік шенеуніктер 
санының өсуі; 
Көлеңкелі экономиканың кең дамуы және соның нәтижесінде заңсыз үлкен 
пайда көру
Шенеуніктер аппараты мен бизнес құрылымдары арасындағы кадрлық 
алмасуының көбеюі; 
Белгілі бір іс - әрекетке рұқсат етумен байланысты мемлекеттік қызмет 
сферасының үлкен болуы. 
Бюрократиялық процедураларының күрделілігі; 
Басқа демократиялық елдермен салыстырғанда бюрократиялық аппараттың 
үлкен мүмкіншіліктерінің болуы, яғни мемлекеттің басқа сфераға қол сұғу 
мүмкіншіліктерінің көп болуы;
Қоғамдағы әлеуметтік дифференциацияның, яғни әлеуметтік теңсіздіктің 
болуы (байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтығының ұлғаюы) 
және т.б4. 


10 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС 
ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
Сыбайлас жемқорлық термині қылмыстық заңнамада жазылғанымен, 
онда сыбайлас жемқолық қылмыстар ұғымы берілмеген. Бұл Қазақстан 
Республикасы қылмыстық кодексінің ерекшелігі (онда ерекше бөлімнің 16 
тарауының ішінде тек әскери қылмыстар ұғымы ғана берілген). 
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заң
ына сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз - мемлекеттiк мiндеттердi 
атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларєа теңестiрiлген адамдардың 
лауазымдық өкiлеттiгiн және соєан байланысты мїмкiндiктерiн пайдалана 
отырып не мїлiктiк пайда алу їшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше 
пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мїлiктiк 
игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бўл адамдарєа жеке және 
заңды тўлєалардың аталєан игiлiктер мен артықшылықтарды қўқыққа қарсы 
беруi деп көрсетілген. Осыған орай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар 
дегеніміз Қазақстан республикасы қылмыстық заңымен жазалау арқылы 
тиым салынған, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ 
соларєа теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соєан 
байланысты мїмкiндiктерiн пайдалана отырып не мїлiктiк пайда алу їшiн 
олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар 
арқылы заңда көзделмеген мїлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол 
сияқты бўл адамдарєа жеке және заңды тўлєалардың аталєан игiлiктер мен 
артықшылықтарды қўқыққа қарсы берумен байланысты қоғамға қауіпті іс-
әрекетері деп анықтауға болады. Бұл жердегі мүліктік игіліктер деп 
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115 бабына сәйкес мүліктік 
және жеке мүліктік емес игіліктерімен құқықтар азаматтық құқық 
объектілерінайтуға болады. Бұл жерде мүліктік игіліктер мен құқықтарға 
(мүлікке) мыналар жатады: заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, 
құнды қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, интеллектуалдық 
шығармашылық қызметтің нысанға айналған нәтижелер, фирмалық тауарлар, 
тауар белгілері және бұйымды бөлектеудің өзге құралдары, мүліктік құқық 
және құқық. Азаматтық құқықтық бұл аталған объектілері қылмыстық 
жолмен сатып алушы мүмкін, бұл жағдайда оларға қатысты жасалған 
азаматтық-құқықтық мәміле заңсыз деп танылады. 
Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен 
және заңдарымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет 
атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылєан iс жїргiзу мәндерi. 
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадаєалау міндеттері - заңдармен 
уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының 


11 
заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың 
бўзылу себептері мен жаєдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды 
тўлєалардың бўзылєан қўқықтарын қалпына келтіру, нормативтік қўқықтық 
актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің 
міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жїзеге асыратын 
міндеттері. 
Бұл қылмыстардың бір ерекшелігі нақты қол сұғатын тікелей объектісінің қ
оғамдық қатынастардың әртүрлі саласына қатысты болуы. Осы себептен ол 
қылмыстарды бір тарауға біріктіру мүкіндігі жоқ. Өйткені Қылмыстық 
кодекстің ерекше бөлігі қылмыстың тектік немесе топтық объектісіне 
байланысты құрылып, қылмыстар жекелеген топтарға 
біріктірілген. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектiлерiн 
жалпы, топтық және тiкелей деп бөлу қарастырылған. Объектiнi мұндай 
түрлерге бөлу жалпы қоғамдық қатынастар жүйесiндегi нақты объектiнiң 
орнын дұрыс анықтауға және сол арқылы қол сұғушылықтың қоғамдық 
қауiптiлiгiн түсiнуге ықпал етедi. Жалпы объект – бұл қылмыстық заңмен 
қорғалатын, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни әртүрлi 
деңгейдегi қоғамдық қатынастар кiретiн қылмыстық қорғау объектiлерiнiң 
жүйесi. Қылмыстың жалпы объектiсi жасалған қоғамға қауiптi әрекет құқық 
бұзушылықтың қандай тобына (қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк немесе 
тәртiптiк) жататындығын анықтау туралы мәселенi шешуде маәызды болып 
табылады. Бұл мәселенi шешудiң заңдық негiзi болып ҚК 2-бабы табылады. 
Онда қылмыстық заңмен қорғалатын маңызды қоғамдық қатынастардың 
тiзiмi берiлген. Кез келген қылмыс қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық 
қатынастарға қандай да бiр нақты игiлiкке немесе мүддеге қол сұға отырып, 
соәында қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың барлық 
жүйесiне, яғни жалпы объектiге қол сұғады. 


12 
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара 
отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас 
жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы 
деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау 
керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және 
жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар 
бағдарламасын ұсынады. Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының 
ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі:
1) саяси басшылықтың 
есеп беріп отыруы;
2) қызмет етуге бағытталған және деритократия 
қағидасында құрылған;
3) мемлекеттік әкімшілік;
4) мемлкеттік қаржыларды 
басқаруда ашықтық пен есептілік;
5 ) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) 
бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару;
7) азаматтардан 
ақпарат жинау;
8) саяси басшылықтың есеп беруі;
9) «ашықтық мәдениетін» 
енгізу; 
Қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған әр бағыт бойынша іс-шаралар 
кешені жасалған. Дегенмен, олардың бәрі ұсыныстық бастамалар 
түрінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын кез келген 
халықаралық құрылымдар мақсаты мыналарды көздейді: 
1. жемқорлықтықтытың қауіп-қатерін және шығасысын көтеру. 
2. оған қатысушылардың тәртібі мен ойын ережесін өзгертетіндей, 
сатылмаушылық атмосферасын жасау. 
3. заң ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құралдарын талдай 
келсек, біз осы қызметті негізгі ісі деп есептейтін «Transparency International» 
(TI) ірі ықпалды халықаралық ұйымды көңілден тыс қалдыра алмаймыз. TI 
өзінің басты міндеті ретінде сыбайлас жемқорлықтың таратылуын және өмір 
сүруін жоятын ортаны құру деп белгілейді. Бұл ұйым осы мәселені жыл 
сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі (СЖҚИ) атты басылым 
арқылы жұртшылыққа танытып отырады. Қазақстанда, сол сияқты басқа да 
көптеген елдерде осы ұйымның аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді. TI 
мамандары жасаған СЖҚИ – бұл әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың 
салыстырмалы бағасын беріп отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар 
көлемде мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиынтық деңгейі 
бойынша саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас 
жемқорлықтың барлық түрі мен нысандарын қарастырадыСЖҚИ 1995 
жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын 


13 
институттар арқылы жүргізілген әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған 
талдауды негізге алады. Осы индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына 
қарамастан, мұның субъектілілігі жеткілікті шамада көрінеді. Біріншіден, 
«қабылдау» терминінің өзі өзінің болмысы бойынша объективті бола 
алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың қабылдауы, әр түрлі жағдайларда 
мүлде басқа мағынада болуы мүмкін. Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген 
заңдарында сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы алуан түрлі, сондықтан 
құбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге әкеп соғады. Үшіншіден, 
мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас жемқорлықпен күресудің 
қарқынына тәуелді – ол қаншалықты қарқынды болса, соншалықты сыбайлас 
жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі. 
СЖҚИ есептеп шығаруда тағы бір қиыншылық қаралатын мәселелерді 
қабылдауда БАҚ ықпалын дәл есептеу мүмкіндігінің болмауына тіреледі. 
Кейбір елдерде сыбайлас жемқорлықты қабылдауда БАҚ ықпалы шешуші 
болуы мүмкін. Осылайша, TI сыбайлас жемқорлықты бағалаудың барлық 
әдіснамасын тек статистикалық талдау ғана анықтайды. Ал сонда, CPI және 
BPI индекстерінің мәні сарапшылар пікіртерінен алынған мәліметтермен 
айлалы әрекет жасау нәтижесі болып отыр.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 
шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан 
кейін белгілі дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас 
жемқорлықтың түрлі көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы 
бөліктері, елдің барлық заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты. Осындай 
жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен 
қылмыстардың көбірек ашыла бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас 
жемқорлардың аттары жұртшылыққа мәлім болды, соның ішінде мемлекттік 
билік және басқару органдарының жоғары лауазымды тұлғалары да 
кездеседі. 
Осының бәрін TI туындаған жағдайды дәл есептемей бағалау және 
жоғарыда көрсетілген орынсыз әдістерді пайдалана отырып, СЖҚИ жыл 
сайын Қазақстанды шиеленіске жақын жағдайда деп шығарып келеді. Одан 
әрі мемлкеттік билік органдарында отырған лауазымдық тұлғалардың 
сыбайлас жемқорлықпен ұсталған немесе күдік тудырғандар, бірақ 
заңдармен қаралған жауапкершіліктен қашып құтылып, заңсыз жиған 
мүліктерімен қоса Қазақстанның шегінен басқа жерге кеткендер кенеттен 
демократияның қызғаныштысы жақтаушысы болып шыға келеді Бұл 
тұрғыдан Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер, Экономикалық және 
сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттік және басқа да 
мемлекеттік органдар халықаралық деңгейде жандандырып, сыбайлас 
жемқорлардың қайтсе де еліміздің саяси өмірін бұрмалап, демократия 


14 
жылдарында қол жеткен оң, игі істерді теріске шығарып, қаралап көрсетуіне 
дер кезінде және нақты істермен тойтарыс беріп, теріске шығарып отыру 
керек.
Сыбайлас жемқорлықтың таратылуына қарсы шараларды жүзеге асыруға 
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП) 
сияқты мамандандырылған ұйымдар да қатынасады. БСҰ жабдықтау 
облысында халықаралық ынтымақтастықтың ашықтық және айқындылық 
жағдайларын жасау үшін мемлекеттік тапсырыстардың тиісті рәсімдерін 
сақталуды және ашықтықты, айқындылықты қамтамасыз ету мәселелерімен 
айналысады. Бұл салада 1996 жылы қабылданған мемлекеттік тапсырыстар 
туралы келісім әрекет етеді. 
Халыаралық сауда палатасы (ХСП) көлемінде 1996 жылдан міндетті 
емес заңдық жинақ іскерлік тәртіп этикасы Ережелері әрекет етеді. Бұл 
ережелер сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде шаралар қолдануға 
шақырады және олар осы корпорацияға кіретін қатысушылардың 
тәртіптеріне қатысты, әрі соларға арналған. Ереже сонымен қатар 
кәсіпорыннан тиісті қаржы құжаттарын және аудитті талап етеді, тәртіпті 
бұзғаны үшін жауапкершілік атқарушы басшыға немесе қызметкерге 
тағайындау мен бақылауды қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет