Қазақстан республикасының білім жіне ғылым министрлігі


Тұлға аралық қарым қатынасты психологиясы



бет4/8
Дата19.12.2021
өлшемі245,5 Kb.
#103504
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алишева Шахсанам

1.Тұлға аралық қарым қатынасты психологиясы
1.1Тұлға туралы түсінік.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Адам  қоғамда өзiн қоршаған адамдар  тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң  рухани, материалды даму деңгейiмiздiң  қандай дәрежеге көтерiлгенiн  бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiне

Қарым-қатынас психологиясы мынандай  құбылыстарды зерттейдi; адамдардың  бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру,  ұйымшылдық немесе жанжалдық,  бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық  қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы  форма болып табылады оның  негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың  құрамына кіреді. Адам бір уақытта  белгілі жұмыспен айналыса алады,  спорт клубының мүшесі бола  алады, қоғамдық қызметтер атқара  алады, саяси өмірге араласа  алады және сонымен қатар отбасындағы  әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады.

Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл  бiр-бiрiне уақыт аралата әсер  етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз.


Қарым-қатынас туралы ұғым:

       1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.

       2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен  жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу. Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың  көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді  ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары [5]

Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар:

        Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң  белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi.

Өмiр салты – бұл адамдардың  тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары  типтiк болып табылатын өмiр  сүру формасы.

Әлеуметтiк институт – бұл  адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары.

Фактiлiк қатынас. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс.

Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк. Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi.

Өркениет Еңбек бөлiнiсiмен қоғамдық өмiрмен әлеуметтiк топта жiктелiнудiң пайда болумен өнеркәсiптi тұтынумен таратуды рационализациялау материалдық өндiрiске ғылымның өмiрiмiздiң барлық салаларына құқықтық нормалардың енумен адамдардың мiнез-құлқын және олардың өзара қатынастарын нормативтiк құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi.

Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында  өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Кез-келген жағдайда бiз адамен қалсақ та қалмасақ та қарым-қатынасқа түсемiз яғни ата-аналарымызбен, құрдастарымызбен және т.б. Осылайша бiз бiреулердiң жақсы екенiне бейтарап қараймыз , ал бiреулерiн жек көрiп қараймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, ме

Философиялық түсінік бойынша - Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психофизиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “менен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

Тұлғааралық қатынас - Тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер - Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы - Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.

Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.

Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.

Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет