Лекция мәтіні(қысқаша):
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.
Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең - сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.
Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.
Өз елім - өлең төсегім.
Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:
Өжет адам - өлімді жеңеді.
Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.
Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жері байдың – елі бай.
Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:
Жақсыда кек жоқ,
Кектіде тек жоқ.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі - мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.
Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау тілек өлеңдері, сұрамақтар, төрт түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.
Тырна келді, тұр,
Түндігіңді тұр,
Арқан тарт,
Сандық аш! - дегізеді халық.
Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқа – қысқа тақпақтар, оларды тқпақ айтуға ынталандырады, еңбекке, адамгершілікке Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз – гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз, -
деген бір- екі шумақтан құралған, баланың жаттапалуына жеңіл тақпақтары жүздеп саналады.
Балаларға өлең –жыр, тақпақ жаттатуда, олардың әрбір сөзді дұрыс айтып, дауыс ырғағын сол сөздің мағынасына құбылта білуін қадағалап, сахнада, жұрт алдында қалай қалай тұруды үйрету қажет.Сөз мағынасын тыңдаушыға толық, әсері жеткізуде дауыс ырғағы мен бет құбылыстың сөзге сәйкестігі үлкен мәнді нәрсе. Дауыс ырғағы арқылы бір сөзбен бірнеше мағына мәнін ұғындыруға болады. Мысалы: «Бол» деген сөзге леп белгісін қою арқылы, зенкіру, асықтыру, қорқыту мәні берілсе оған сұрау белгісін қою арқылы, мәлімсіздк, сұраулық мән берілдеі, бұл сөздерді айтудағы бет құбылыстың кеюлік, таңқалу нышаны арқылы өздің мән – мағынасы есетіп көрушіге айқындала түседі. Яғни балаларға тақпақ жаттатқанда дауыс ырғағы мен бет құбылыс арқылы әрбір сөздің мән – мағынасын тыңдаушығы әсерлі жеткізуге, неғұрлым толық ұғындыруға болады. Бұл баланың тілін, ойын дамытуға да өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |