Жөн-жоралғы, кәде рәсімдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқының әдептілігі тарихи қалыптасқан мәдени үлгі болып табылады әдептілік негіздері: әдеп, рәсім, дәстүр, әдеп-ғұрып, салт-сана . Халқымыздың салт-санасы-ұрпағына берген үлгі-өнегесі, мәдени мұрасы. Халқын сүйген адам сол халқының салт-санасын қастерлеп, үйреніп, оны өнеге тұтуға тиіс.
Жақсы әдеттер дағдыға , дағдыдан әдепке айналады. Әдеп-әрбір адамның тәртібі мен инабаттылығын көрсететін салт-сананың ұлттық белгісі.
Әдет, әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасып жаңаша жақсылықтармен толысып, салт-санаға сіңген. Яғни мүлтіксіз орындалатын заңдылыққа айналып, халық санасына сіңіп қастерлі қасиетке айналған Мысалы, сен кіші адам екенсің, үлкен адамды құрметтей біл, инабатты болу-парыз, иманды болу-борыш, т.б. Айыпты мойындау, айып төлеу, жылу беру , сауға беру т.б. рәсімдер-елдің тәртіптілік салты.
Халықтың салт-дәстүрлері сан алуан ырымдар мен тыйымдар, кәделер мен жоралғылар арқылы іске асырылады. “Құдыққа түкірме”-ырым әрі тыйым сөз.