Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі



бет74/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012

Сыңсу-қазақ халқының қыз ұзату әєстүріндегі рәсімнің бір түрі. Бұл рәсім бойынша ұзатылған қыз еңәєуелі ұзатылар алдында бір жаулық-ты жамылып, ең жақын жеңгесімен, не сіңлісімен сыңсып (жылай қоштасып) өзінңң мұңын айтады. Сыңсудың мұңлы әуені, мұңайып айтылатын сөздері, көбінесе, ескі замандағы бойжеткеннің “еріксіздігін” бейнелейді.Ұзатылған қыз “ауылмен қоштасу” рәсімінде туған туыс-қандарымен қоштасу ретінде өзінңң құрбы-құрдастары мен тетелес сіңлілерін және жас жеңгелерін ертіп жүріп, ауыл арасында (Сыңсу-қимай жылау деген мағынаны білдіреді.


Сыңсудың негізгі мақсаты ұзатылған қызды көп жылатпай, оның қоштасуы арқылы еліне, жұртына, ата-анасына деген сүіспеншілігін бейнелеу, сол арқылы “өзі болған қыз төркінін танымас” болып кетпей ата-анаға, туған-туысқандарына мейір-шапағатын, сағынышын арттыра түсу, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Ұзатылған қыз сыңсу арқылы ата-ананың, туған-туысқандарының, аға-жеңгелерінің жақсылығын, ел-жұртының қайырымдылығын, туған жерінің тамаша табиғатын сүйсіне жырға қосып, күйіне әндетеді.
Сыңсуда ұзатылған қыздың жек басының мұңы әлеуметтік мәселелермен (“Бермедің әке теңіме”, “Сатылып кетіп барамын”) ұштасады да, ескі әдет-ғұрыптың келеңсіз жайларын ашық айту жиі кездеседі.
Неке қияр
Неке қияр (неке қию)-қазақ халқының үйлену дєстүрінің міндетті рәсімі. Бұрын неке қияр рәсімі діни (шариғат) жолымен жүргізілсе, қазір әрі дін жолымен, әрі жаңа замандық құқықтық жолмен ұйымдастырылады. Бұрынғы тұрмыс-салттың рәсім бойынша үйленушілердің ата-аналарының және неке қиятын молданың таңдауымен үш жігіт жас жұбайлар некесінің куәгері болады.
Молда бір алланың атынан үйленушілердің ризашылығын сұрайды. Үйленуші жігіт: “Мен (өз атын атайды) өзім таңдаған (атын атайды) өзіме өмірлікке жар етуге ризамын, татулықты бұзбай, адал жар болып, өнегелі өмір сүруге бейілмін” деп серт береді. Жар болуға келіскен қыз: мен (атын атайды) өзім ұнатқан (атын атайды) өзіме баспе етуге ризамын, әрқашан адал жарлық қызмет етуге бейілмін” деп, некелік серт береді.
Куәлікке даярланған жігіттер, өздерінің куәгер екендіктерін айтады.
Содан кейін рәсімдік дұға оқылған неке суын молда жас-жұбайларға, куәгерлерге, қатысып отырғандарға бір-бір ұрттатып, неке суына салынған сақиналарын жас жұбайлардың қолына салып, некені батамен бекітеді. Ата-ана батасын беріп, екі жастың некесімен құттықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет