Лекция мәтіні(қысқаша):
Қазақ этнопедагогикасы — 20 ғасырдың соңында қалыптасқан қолданылмалы ғылым. Этнопедагогика — жалпы педагогиканың бастау негізі, қозғаушы, түрткі түбі болғанымен, оның ғылыми-теориялық болмысы айқындалып, тұғырлы ойлар тұжырымдалған соң ғана, бұл ғылымның методологиялық (әдіснамалық) мәселелерін сараптап айтуға мүмкіндік бар.
Қазақ этнопедагогикасы — ғасырлар бойы халық қалыптастырған мәдени мұра, халықтық ғылым болып табылады. Зерттеушілердің міндеті — сол қасиетті ғылымды жүйелеп, сапасын саралап көрсету.
Этнопедагогика этностық ғылым. "этнос" ұғымы "белгілі бір жүйеге негізделген топ. Қазақ халқының ұлттық болмысы ерекшеленіп, тәлім – тәрбиелік негіздері қалыптасқандығын айқындайтын оның ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, жазу мәдениеті ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.
Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазактың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктері, сол ұлтгық тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты.
Ұлттық салт-сананың калыптасуының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп (этика, этника) болып қалыптасады. Бұл — халықтың рухани өміріндегі мәдени іргенегіз болып табылады.
Қазақ -халқының ұлттық (этностық) ерекшеліктеріне сәйкес калыптасқан этнопедагогика ғылымының негізі — халық педагогикасы.
Этнопедагогика—- ұлттық тәлім-тәрбиенін қайнар бастауынан бастап, осы уақытка дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым. Ал ұлттық тәлім-тәрбиенің түпкі негіздері сол ұлттың ұлт болып калыптасуына дейін бастау алып, ұлтгық қасиеттерге сәйкес дамып, қалыптас
Қазақ халқының ұлттык тәрбие бастау негіздері сақтар империясы кезінде (біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар), ғұндар дәуірінен (б.д.д. III, біздің ғасырымыздың І-ІІ ғасырлары) басталады. Ғұн империясының құрамына енген сол кездегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпаларының этностық болмыстары бір-біріне кірігіп, өз ерешеліктерін қальштастырғанын тарихи дәлелдер айқын-дайды. Ғұ көсемі Атилла (Еділ) бастаған қалың қолдың ерлігін сипаттайтын жырлар, аңыз әнгімелер кейінгі батырлар жырларымен, аңыздарымен арқауласып, этнопедагогиканың халық педагогикасы деп аталатын негізгі саласын құрайтын ауыз әдебиетінің қайнар көзі болып табылады.
Ұлы Тїркі қағанаты (VІ-ІХ ғғ.) уақтысынан бастап казақтың тәлім-тәрбиедегі этностық ерекшеліктері айқын көріне бастады. Орхон-Енисей бойынан табылған тас жазулары ұлтымыздың арғы тегіндегі жазу мәдениетінің белгілерін ғана көрсетіп қоймай, Білгеқаған, Күлтегін батырлар мен ақылгөй Тоныкөктің сөздері арқылы казіргі қазақтың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі үлгілерінің қайнар көзін байқаймыз.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен ақын, ірі сазгер, небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Яғни, этнопедагогиканың негізгі саласы халық педагогикасы болса, сол халық педагогикасының арқауы — ауыз әдебиеті, жазу әдебиеті (қолтаңбалық көшірмелер болса да) ұлттық тәрбиенің басты құралы болғандығын айқындайды.
ІХ-Х ғасырларда Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территориясына үстемдік жїргізуіне байланысты казақгың халық, педагогикасына араб мәдениеті ерекше әсер етті. ХІ-ХІІ ғасырда казақ жерінде тїркі тілінде (яғни, қазақ тілінің түпкі негізінде) жазылған шығармалар ұлттық тәрбиенің құнды құралдары болды ("Диуани Хикмет", "Құтадғубілік", т.б.). Казақ халқының сол кездегі ғұлама ғалымдары Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жїсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар МырзаДулати ұлттық тәлім-тәрбие мен білім беру, халықты кемелдендіру мақсаттарын орындау жолдарын көрсетіп берді.
Ұлттык білім беру ісі мен ұлттық тәрбие ісін ғұламалар жалпы адамзатгық іс деп қарады. Әлемнің Екінші ұстазы аталған Әл-Фараби "тәрбиесіз білім — адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті... Білім беру мен тәрбиелеу — біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып кұра білді.
ХІІІ-ХV ғасырларда монғол шапқыншылығы, Алтын Орданың ыдырауы кезінде қазақ жерінде болған зобалаң ұлттық тәрбие мен ұлттық білім беру ісіне тосқауыл болды.
XV ғасырдан бастап "қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес косқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар... жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен, өлең -жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып" халықгық педагогиканың жыр, шешендік сөздер, өнеге, өсиет түрлерін ұлттық тәрбиенің басты құралдары етіп ұсынды. Ақын-жыраулар мен билердің, шешендердің өсиеттері, өнегелері, халықгың ауыз әдебиеті мен ұлттық әдебі, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ұлттық тәрбиенің нағыз мектебі болды.
XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін Ресейдің бодандығында болу — қазақ халкының ұлттық тәрбиесіне, ұлттық білім беру ісіне кесір-кедергілерін тигізгенімен, халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер) дамып, қалыптаса берді. Ақын халыктың ауыз әдебиеті дамып, қалыптасып, қазақ ұлтының өз мәдениетінің, рухани мұрасының сәулетін көрсетті.
XIX ғасырда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов ұлттық тәрбие беріп, мәдениетті дамыту ұлтгық білім берумен байланысты екенін дәлелдеп, оку-білімге шақырды, мектептер ашты.
XX ғырдың басында Ахмет Байтұрсынов, Жїсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін қалады. Сөйтіп этнопедагогика ғылымының негізгі тіректері жасалынды. XX ғасыр соңында қазақ этнопедагогикасының ғылым болып калыптасып, пән болып оқытылуына жол ашылды.
Қазақ этнопедагогикасының негізгі ерекшеліктері: халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері) жан-жақты, қарымды қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.
Этнопедагогика — ғасырлар бойы қалыптасып, одан әрі қарай дамып, келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық, дүниетанымдық, мәдениеттанымдык, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп, ғылыми жүйесін салалап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілік пен кажырлы ғылыми еңбектерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |