2. Батырлық жырларды оқыту кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
Әдеби кеш. Әдеби кешті өткізу үшін, оқытушы күні бұрын дайындық жұмыстарын ұйымдастырады (кештің жоспарын, көркемдігін, мақсатын, қорытындылау т.б.).
Сәулелі сабақ. Әрбір эпостық шығарма оқылып болған соң, сол эпостық шығарманың мазмұнына сәйкес сәулелі сабақ ұйымдастырылады. Сәулелі сабақта эпосты оқыту кезінде қолданылған көрнекіліктерді тізбелеп құраған диафильм, эпидоскоп арқылы әртүрлі иллюстрациялар т.б. көрсетіледі талданады.
Дыбыстық талдау. Дыбыстық талдау көбінесе тексті көркемдеп оқу кезінде ұйымдастырылады. Дыбыстық талдау сабағында көркемдеп оқудың үлгісі тыңдалады, оқушылардың көркемдеп оқу үлгілері талданады, эпостық шығарманы орындаушының сөзі, эпостық шығармалар бойынша жазылған опералық, драмалық шығармалардан ариялар, күйлер, драмалық үзінділер тыңдалып талқыланады.
Әдеби газет. Әдебиет үйірмесінің газеті баитырлық жырлар бойынша өтілетін әрбір кештің алдында, сол кештің тақырыбына байланысты шығарылады. Әдеби газеттің көркем және мазмұнды шығуына оқытушы тікелей басшылық етеді.
Инсценировка. Батырлық жырларда драматизм басым екендігін білеміз. Эпостық шығармалар инсценировка жасауға өте қолайлы.
Инсценировка ұйымдастыруда оқытушы мектептің драма үйірмесімен артистермен байланыс жасайды.
Кино. Қазақтың батырлық жырларын экранға түсіру қажет – ақ. Егер кинофильм болса, сынып бойынша киноны топталып көруді ұйымдастырып, соңынан пікірлесу ретінде әңгіме өткізіп, оқушылардың пікірлерін қорытады.
Пікірлесу. Оқытушы жырды оқыту кезінде бұрынғы оқиғаларды қазіргі оқиғалармен, бұрынғы ерліктергі қазіргі ерліктермен бұрынғы эпоспен қазіргі эпосты салыстыра талдайтын, жырдағы кейбір кейіпкерлер туралы пікірлерді талдайтын пікірлесуді ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |