3. Этнопедагогикалықшығармаларды пайдаланудың сахналық әдістері. Оқыту әдістемесін былайша топтауға болады: өлең шумақтарын оқушыларға жаттату әдістері; сюжетті өлеңнің инсценировкасы мен мерекелік және тақырыптық кештерге арналған сценарийлерді сахнаға дайындау жолдары; ән мен тексті жаттату әдістері; жұмбақ, жаңылтпаш т.б. поэзиялық шығармаларды сахнада оқушыларға айтыс түрінде айтқызу тәсілдері; қысқа көріністерді сахнаға қою әдістері; оқушылардың көркем творчестволық шығармаларын сахнаға дайындап, оқушылар конференциясы мен айтыстарға сахнаны пайдалана білу жолдары.
Оқушыларға жеке өлең жолдарын жаттату үшін мұғалім әуелі көркем поэзиялық шығарманы таңдайды, содан кейін сабақта немесе сабақтан тыс кезде оқушыларға көркем сөзді жатқа айтудың үлгісін тыңдатып, дәл үлгідегідей орындауды оқушылардан талап етеді. Бұл істе мұғалім оқу – тәрбие жұмыстарының жоспары мен бағдарламасына сүйенеді, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескереді.
Сахналық қойылымдарды дайындау кезінде мұғалімдер мен тәрбиешілерге мынадай педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі; тақырып таңдау, тақпақ және өлең жолдарын іріктеп табу, тзалды әдеби безендіру, эвристикалық әңгіме, пікір алысу.
Сахзнаны безендіру, қажет заттарды дайындау, техникалық құралдардың керектілерін дер кезінде әзірлеу жұмыстарын мұғалімдер мен тәрбиешілердің басшылығымен оқушылар атқарады.