5.4. Педагогикалық процестің кезеңдері
Педагогикалық процестің барлығы да бірдей кезеңдер циклдарынан құралады, әрі бұл циклдардың өтуіне бірізділік тән.
Педагогикалық процесс 3 кезеңнен тұрады:
1.Дайындық кезең. Мұндағы атқарылатын іс– әрекеттер:
а) Педагогикалық процестің мақсатын негіздеу және оны нақты қою;
б) Педагогикалық диогностика ;
в) Педагогикалық процестің барысы мен нәтижесін болжау;
г) Педагогикалық процесті ұйымдастыру жобасын жасау, жоспарын құру.
2.Негізгі кезең. Мұнда орындалатын іс – әрекеттер:
А) Педагогикалық процестің басқа процестермен байланысын қамтамасыз ету;
Б) Педагогикалық процестің барысында оқушыларды іс – әрекетке айналдырудың түрлі шараларын жүзеге асыру;
В) Педагогикалық процестің барысында ыңғайлы әрі қолайлы жағдай туғызу.
3. Қорытынды кезең. Мұнда педагогикалық процесс барысы мен соңында қол жеткен нәтижелерге талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |