Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз



бет58/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Тұлғаның дамуы дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс – әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

Оқушының жеке тұлға болуы, оның ересектікке қол жеткізуі қалыптасу деп аталады.



Қалыптасу – iшкi және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық –барлық факторлардың (экологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б.) ықпалымен адамның әлеуметтiк тiрi жан иесi ретiнде дамып жетiлуi.

Жеке тұлғаны қалыптастыру – күрделі, қарама – қайшылықты процесс. Оған организмнің өсуі мен жетілу процестері, әртүрлі ықпалдар, мақсатқа бағытталып, ұйымдастырылған тәрбие кіреді.

Жеке тұлғаны қалыптастыру бала туғаннан басталады, балалық шақ, жеткіншектік шақ, жастық шақта күшейе түседі де, ересектік шақта белгілі бір деңгейге қол жеткізіледі.

Жеке тұлғаның тұтастығын биологиялық белгілер мен оның қоғамдық жан ретіндегі ерекшеліктері құрайды. Бұл белгілер бір – бірімен тығыз байланыста жеке тұлғаға күшті әсер етеді. Сонымен бірге жеке тұлға әлеуметтік сипаттамасымен де (мотивтер, қызығушылықтар, мақсат) ерекшеленеді.

Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет