Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
«Білім беру –бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі» – деп жазылған ҚР Білім беру туралы заңында.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі принциптерін (қағидаларын) орнатты:
1) ҚР барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі. Бұл приципке сай ҚР – ның әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жынысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан толық білім алуға құқығы бар.
2) Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес,білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы.
3)Білімнің зайырлылығы.
4)Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5)Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6) Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7) Білім беру жүйесіндегі демократизмі. Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі – демократиялық жолмен басқару. Демократияландыру – бұл білім беру мекемелерінің ведомстволерден, жергілікті мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы, қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы.
8) Білім беру ізгілікті,әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9) Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10) Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11) Білім беру саласының ақпараттандырылуы. Яғни, Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы жоғарыдағы көрсетілген мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |