Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Білім беру жүйесінің міндеттері



бет78/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш – қуат мұмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой–өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез – келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу...

4) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту...

5) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық–коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану...

Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:

– мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата– анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;

– оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру:

«Білім туралы заң» оқу орындарының негізгі түрлерін белгілейді. Орта білім беретін оқу орындарына жататындар:

– жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады;

Жалпы білім беретін мектеп шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына орай, қосылған сыныптар жұмыс істейді;

–гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;


  • лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады. Бастауыш және орта кәсіптік оқыту;

  • жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмыстарды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;

  • кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш,кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;

  • колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді;

  • жоғары білімді, халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды: университет, академия, институт, жоғары училище, консерватория, жоғары мектеп.

  • университеттермен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистрантура, докторантура қызмет ете алады.

  • Мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.

  • Қосымша білім.

  • Мектептен тыс тәрбие мен оқыту.

Үздіксіз білім ұғымы үш мағынаны білдіреді:

1.Үздіксіз білім адамның бүкіл еңбек өміріндегі білімі (В,Н. Скворцов);

2. Үздіксіз білім адамның бүкіл өміріндегі білімі ( Н.А. Лобанов) ;

3. Үздіксіз білім бүкіл адамзат тарихында адамдардың қарапайым және ғылыми білімді жинау, сақтау, арттырудағы үздіксіз процесі.

Бірінші мағынадағы үздіксіз білім адамның бүкіл еңбек өміріндегі білімін жүйелі ұйымдастыру процесі ретінде қарастырады, оның негізінде нормативті нұсқалар жатыр, ол жұмыс берушіге жұмысшыға кәсіби білімі мен іскерлігіне қажетті жағдайлар жасауды жүктейді. Оның еңбек қызметінің жағдайы өзгерген жағдайда, жаңа немесе қосымша кәсіби талаптар беруіне байланысты оған тиімді жұмысшы болып қалуына мүмкіндік береді.

Екінші мағынадағы үздіксіз білім адамның бүкіл ғұмырында белсенді болып қалуына мүмкіндік беретін адамның кәсіби және басқа білімдерді үздіксіз және мақсатты меңгеру процесі ретінде қарастырады. Мемлекет кәсіби білімдерді өсіруге бар жағдайларды жасайды.

Үшінші мағынадағы үздіксіз білім бүкіл адамзат тарихында адамдардың қарапайым және ғылыми білімді ұрпақтан – ұрпаққа тікелей оқып үйрену әдісімен беру тәсілі.

Білім беру салалары бойынша үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Үздіксіз білім беру жүйесін жақсартудың басты бағыттары: оны дамыту, демократияландыру, гуманитарландыру, нақты білім беру саясаты және халықтың әлеуметтік –экономикалық ерекшеліктері білім беру ісін, жетілдірудің арқауы болып табылады. Үздіксіз білім беру бағыты біздің елімізде екі бағытта дамуда, олар:



  • вертикальды үздіксіз (төменен жоғарыға қарай) білімге жанұя,бала –бақша,мектеп, арнайы орта, жоғары оқу орындары жатады.

  • горизонтальды үздіксіз білім алу жолдары: қысқа мерзімдегі курстарда, өз бетінше оқу, мамандық өзгерту және т.б. өздіксіз білім беру, білім алу жолдары мемлекет тарапынан немесе жеке меншік оқу орындарында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет