Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы



бет80/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

8.4.Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы. 12- жылдық білім беру жүйесі

Еуропалық Кеңестің 1992ж. Декларациясына сәйкес әлемдегі білім кеңістігінде 12 жылдық орта білім беруді 216 ел мойындап отыр. ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қарағанда 32 ел 12 жылдық білім беруді 5 жастан бастайды екен, ал 129 ел 6 жастан, 23 ел 7 жастан бастайды. Әлемнің 25 елінде 13 жылдық орта білім мектептері жұмыс істейді. Ол елдерде балаларды мектепке 6 жастан қабылдайды.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық оқуға көшудің себептері мына жағдайларға байланысты:

– жаһандану процесінің әсері мен әлеуметтік-экономикалық факторлардың ықпалы;

– жалпы білім берудің сапасын арттыру;

– отандық білім берудің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету;

– білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

– оқушылардың денсаулығын сақтау;

– оқушылардың жеке дара ерекшеліктерінің дамуына және кәсіптік білім беруге жағдай жасау.

Білім берудің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

– өскелең ұрпақты өмірге, еңбекке толық мәнді даярлау;

оның бойында жақсы қасиеттерді, еңбексүйгіштікті қалыптастыру;

– заңды, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, отанды, отбасын сүюді, табиғатқа жанашырлықпен қарауды тәрбиелеу.

– экономиканың, әлеуметтік саланың, мәдениеттің қоғамның, ғылым мен технологияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жас ұрпаққа білім беру, оны жинақтау, сақтау, көбейту.

– республикада тұратын халықтардың арасындағы қарым-қатынастардың әділдігіне, сондай – ақ адам мен қоғам, адам мен мемлекет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігіне кепіл болатын өзара үйлесімді білім беру саясатын жүргізуге кедергі келтіретін наным – сенімдерді, адасушылықты, теңсіздікті түбірімен жою,

– адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін адамгершілігі жоғары, ұлттық және діни сезімдерді құрметтейтін өз елінің патриоттарын, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекеттің азаматтарын тәрбиелеу, басқа халықтардың тіліне, дәстүрлері мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу;

– балалар мен жастардың жан – жақты және уақытылы дамуы, олардың шығармашылық қабілеттерін, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өзін іс жүзінде көрсетуін тәрбиелеу;

– балалар мен жастардың бойында тұтас дұниетанымды және қазіргі ғылыми дұниетанымды, этносаралық қарым – қатынастар мәдениетін қалыптастыру;

– азаматтардың бүкіл өмір бойына өз білімдерін жетілдіруге ұмтылысын, және соған сәйкес қажеттіліктерді ынталандырып отыру.

Республикада соңғы жылдары байқалған білім беруді жаңарту өзара байланысты екі ережемен сипатталады:

– терең демократияландыру;

– гуманизациялау мен гуманитарландыру.

Бұл – жеке тұлғаның тұтас дамуына бағытталған ереже. Жоғарыда аталған білім берудің негізгі мақсаттарына жету үшін жан – жақты дамыған тұлға деген түсінікті нақтылап алу керек.

Бірыңғай білім беру процесінің бір – бірінен бөлінбейтін мынадай үш қыры бар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет