Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет83/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Негізгі ұғымдар: білім беру, жаһандану.
9.1. «Білім берудің жаһандану түсінігі»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында Қазақстандық коғамды саяси жаңарту міндетін алға қойды. Бұл міндет жаһандану процесін жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері маңызды болса, оның рухани дүниесі де соншалықты мән – мағынаға ие.

Жаһандану дегеніміз – бір – бірімен тығыз экономикалық, ғылыми – техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда – саттық болсын, білім саласы болсын қарым – қатынаста бола отырып, дамып қалыптасып келеді.

Осы заманғы білім берудің жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан – жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас білімді ұрпақ тәрбиелеу дәуірін бастан кешуде.

Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: ғылымның дамуы, техниканың қолжетімділігі, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.

Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет – таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.

Білім беру саласындағы жаһандану бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей дамып келеді. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.

Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөль атқарады. Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды және ашылды. Уақыт өте келе Алматыда да жаңа унивесритет құру жоспары бар. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика және т.б. салаларында жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс.

Білімді, салауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс, нақ осы жастардың күш-жігерімен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы көп ретте бастамалар табыстылығының кепіліне айналды.

ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласына келді. Соның арқасында әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы оның пайдалану өрісінің кеңейгені белгілі. Негізгі мектептегі білім алу ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын қазығы екені белгілі.

Тәуелсіз еліміздің кезең – кезеңмен атқарып жатқан білім саласындағы іс– шаралары мемлекеттің орасан зор ізденісін аңғартады.

Жаhандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндеттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, отан сүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты . Білім жүйесін әлемдік дамыған инновациялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.

Отандық және шетелдік зерттеушілердің ойына қарағанда, жаһандану жағдайында өмір сүретін болашақтың адамы ерекше құзыреттілікке ие болуы керек, олар:

– өзара ынтымақтастық;

– мотевациялық факторларды нұсқау етіп пайдалану;

– барлық жағдайда да шыдамды, тілдерге бейім, азаматтық борышы мықты болу міндет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет