16.2. Дидактиканың негізгі категориялары
Дидактиканың негізгі категориялары:
Оқыту, білім беру, оқыту процесі, оқытудың принципі, білім берудің мазмұны, оқытудың түрі.
Оқыту – мұғалім мен оқушылар арасында белгілі дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған іс – әрекет.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтамыз.
Білім берудің мазмұны – жеке адамның жан – жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.
Оқытудың принципі - оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесінен анықталады. Оқыту принципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысын да қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз – ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіп пен режимде жүргізілетін оқу – таным, іс – әрекет процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |