Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі (қағидасы). Бұл қағида оқушылардың жас ерекшеліктерін білумен өте тығыз байланысты және оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын жасаудың негізіне жатады.
Шамаға лайықтылық принципінің негізгі ережелері – жақындағыдан бастап алыстағыға қарай үйрету, белгіліден бегісіз нәрсеге көшу, жеңілден ауырға және жай түрден күрделіге көшу, оқытудың қозғаушы күші болып табылатын таным қызметінің ішкі қоздырғыш себеперінің дамуына тірек болып саналады.
Білімнің шамадан тыс жеңілдігі де, қиындығы да оқушылардың оқуға деген ынтасын тежейді. Сондықтан оқу материалының оқушылардың жас шамасына сәйкес болуы оқыту процесінің басты шарты болып саналады.
Педагогика теориясында баланы жан – жақты білу, оның дара ерекшелігін оқу – тәрбие процесінде есепке алу тәрбие мен білім берудің негізгі принципі екені дәлелденген. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек», – деп жазды.
|