19.2. Білім беру мазмұнын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар
Білім беру жүйесінің дамуына, қалыптасуына ықпал ететін факторлар мыналар:
Қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми техникалық негізін жетілдіру.
Әлеуметтік саясат, ел басқарушылардың білімге деген көзқарасы.
Тарихи тәжірибе және ұлттық ерекшелік.
Педагогикалық факторлар.
Бірінші факторға қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми техникалық негізін жетілдіру. Ғылыми техникалық прогресс білімге, білім жүйесіне әсер етсе, білім, білім жүйесі ғылыми техникалық прогреске әсер етеді. Яғни мұнда қандай мектеп, қандай жүйе, қандай білім керек екенін қоғам анықтайды. Мәселен, Қазақстан жағдайында мемлекеттік мектептермен қатар, жеке меншік мектептер өмірге келуде, жоғары оқу орындары іріктелуде, дамыған ел қатарында компьютер, интернетті меңгеруде, коммерция, экономика, құқық қорғау мамандарын даярлауда.
Екінші факторға әлеуметтік саясат, ел басшыларының білімге деген қызығушылығы, көзқарасы жатады. Білімге халықтың атынан тапсырыс беретін солар. Бірақ, тапсырыс объективті болуы керек. Тапсырыс объективті болуы үшін мемлекеттің халықтың жағдайымен санасып, мәселені әділетті түрде шешу қажет. Қазіргі білім саласындағы реформа, қабылданып жатқан құжаттар – соның айғағы.
Үшінші факторға тарихи тәжірибе және ұлттық ерекшелік жатады. Әр ұлттың өзінің ерекшеліктері бар. Тәжірибені ұлттық ерекшелікке сай қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |