Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет190/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Ғылымилық принципі (қағидасы) дегеніміз – жеке пәндер бойынша мектепте оқылатын ғылыми фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

Оқытудың ғылыми құрылу принципі оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында ғылымда берік қалыптасқан ұғымдарды үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдардың өзі ғылым әдістеріне жақын тұратын оқыту әдістері арқылы үйретілуі тиіс. Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үздіксіз кеңи береді. Шамамен алғанда әрбір 5 жылда ғылыми информация екі есе көбейеді.

Ғылыми принцип мектепте білім берудің мазмұнына және ғылымда дәл белгіленген оқу материалдарына сай, оқушылардың жас шамасына қарай түсінетіндей ғылыми анықтамалар, ұғымдар, терминдер, ғылыми мәліметтермен қаруландыруды көздейді.Алайда, жеке тақырыптарды өткен кезде мұғалім оқушыларға ең маңызды пікірталас туғызатын даулы проблемалар және ғылыми болжамдар туралы, сондай – ақ кейбір орын алып отырған қате түсініктер мен пікірлер жөнінде де хабалауға тиіс. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік ойлауын бағыттап «неліктен», «не үшін», «қалай» деген сұрақтар арқылы олардың ғылыми танымын, ғылымға қызығушылығын дамытудың маңызы зор. Яғни оқытудың ғылыми принципі ғылыми білімдер негізінде оқушылардың ғылыми көзқарасын, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың басты шарты болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет