Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Білімді берік, тиянақты меңгеру принципі ( қағидасы)



бет188/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Білімді берік, тиянақты меңгеру принципі ( қағидасы) – білімді орнықты меңгеру деген сөз. Білімді оқушылар әрқашанда меңгеріп алуы қажет және оны оқуда пайдаланып, практикада жүзеге асыруға тиіс.Бұл принцип мектептің алдындағы басты міндет оқушыларға мемлекеттік бағдарлама көлемінде тәыңғылықты берік білім беру мен іскерлікті, дағдыларды қалыптастыру арқылы жеке адамды тәрбиелеуді көздейді.

Білімнің берік болу принципі оқыту процесінің барлық буындары арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің жаңа материалды хабарлауынан бастап, күнделікті пысықтау, бекіту, тексеру, қайталау, жаттығу және өздігінен орындайтын жұмыстар жүйесінің алуан түрлі оқушылардың білімін нығайтудың құралы болып саналады. Материалды есте жақсы сақтау үшін өткен сабақтарды жиі – жиі қайталап отыру керек.Оқу жылының ішінде оқу материалы бірнеше қайталаудан өтеді. Күнделікті үй тапсырмасын тексеру арқылы қайталау, күрделі тараулар соңынан қайталау, тоқсандық, жылдық қайталаулар білімнің берік болу шарттары. Оқушылардың алған білімді есте берік сақтауы үшін оқыту процесінің барысында мұғалім үнемі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын белгілейді. Мысалы, кітаппен жұмыс, карточкамен жұмыс, лабораториялық практикалық жұмыстар, схема, таблица сыздыру, сурет салдыру, термин сөздерге түсініктеме жаздыру, проблемалық жағдаяттарға жауап беру, шығармашылық іздену, зерттеу жұмысын тапсыру, әр түрлі пәндерден байқау жұмыстарын ұйымдастыру.Жалпы оқушылардың алған білімінің берік, тиянақты болуы жаңа білім алуға мүмкіндік береді.
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет