19.4. Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптері
Жалпы орта білімнің мазмұны білім жүйесі арқылы қалыптасады: жанұя, бала–бақша, орта білім беретін оқу орындары.
Мектептегі жалпы орта білімнің мазмұны:
– жалпы методологиялық принциптерге сүйеніп қалыптасады;
– ғылым, өндіріс, мәдениет, дене, еңбек т.б. салалардың ғылыми негізде қаралып пәндер арқылы беріледі.
Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптеріне:
Оқу материалдарының жалпы білімдік сипаты дегеніміз жалпы орта білім арқылы оқушы жан – жақты дамып, өмір туралы көзқарасы қалыптасады, тіршілікке бейімделеді, рухани күш – қуаты нығаяды, сенімі қалыптасады, адамгершілігі мол болады.
Білім мазмұнының азаматтық, гуманистік бағытына оқып үйрену, деректерге сүйену, қорытындыларды түсіну, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Оқу материалдарының қоғамдағы өзгерістерімен уақтылы толықтырылып тұру қажет. Мәселен, мектепті компьютерлендіру, шәкірттерді соған үйрету, интернетке қосылу, дүниежүзіндегі өзгерістерден хабардар болу.
Достарыңызбен бөлісу: |