Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


ә). Дамыта оқыту технологияларының



бет258/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

ә). Дамыта оқыту технологияларының өкілдері Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Альтшуллер және т.б Дамыту оқыту технологиясын барлап қарасақ, ол алдымен «нені дамыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздестіреді.

1. Сезімін, түйсігін.

2. Қабылдауын, ынтасын.

3.Зейінін, еске алуын.

4. Ұғынуын.

5. Ойлауын, қиялын, болжам жасай білуін, қабілетін.

6. Ерік – жігерін, қайратын.

7. Жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденіс жасауын(жеке адами қасиеттерін).



Дамыта оқыту технологиясы – жеке тұлғаны қалыптастыру негізі.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының ережесі ғана емес,сонымен бірге, баланың ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою болып табылады. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл қабілетті адам тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін негізгі басшылыққа алар нысана деуге болады.

Дамыта оқыту – дамудың заңдық заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына ықпал етеді, бағыттайды және тездетеді, баланы – толыққанды іс-әрекетінің субъектісі ретінде бағалайды.

Жаңашыл-педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болды, бұл технология – өте жоғары нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы жаңа бағытқа негізделген. Бұл технологияның негізінде – диагностика және өзін-өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен деңгейді тұрақты қолдау жатыр. Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні, оқу процесін бала дамуының табиғатың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс– әрекет арқылы танымдық күшін жан–жақты үдету арқылы жасайды.

Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов),яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік,т.б. қасиеттер дамыту, осының нәтижесінде әр оқушы өзін өзі субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді.Дамудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші рөлі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу процесін баланың сезінуі, оқыту процесінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет