Мотивация (себеп – түрткілер) – оқушыларды белсенді танымдық іс – әрекетке ниеттенуші процестер, әдістер мен амал – шаралардың жалпы атауы.
Мотивация мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызметтерінің арқасында басқарылады. Мұғалім тұрғысынан мотивация оқытудың қозғаушы күші сипатында, ол оқушы тұрғысынан ол оқып – үйренуге ынталандырушы жағдаяттарды оңдатады. Мотивация процесс сипатында тұлға қалпы мен қатынастарына өзгеріс ендіретін нақты ниеттер. Себептер түрінде іске асып, оқушыны оқуға, белгілі бір әрекет етуіне, қандайда бір қылықтарды жасауына ықпал етеді. Мотивация ретінде өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, ұмтылыстар мен эмоциялар, өз талаптары мен мұраттар қабылданған. Сондықтан да бұл құбылыс өте күрделі.
Достарыңызбен бөлісу: |