23.4. Мотивтердің қалыптасуы
Мотивацияның қалыптасуы Не себептен сен оқисың ? Не үшін мектепке барып жүрсің? Мұғалімдер осы сияқты жан – жақты маңызға ие болған сұрақтарды көп қояды. Осыдан баланың сауаттылығын, сонымен бірге оқу мотивацияларын анықтауға болады. Оқушылардың да осы сұрақтарды өзіне анда – санда қойып тұрғаны зиян болмас еді: «Шынында да, мен не үшін оқып жүрмін?».
Бірінші – екінші сынып оқушыларының мұндай сұрақтарға жауабы: «Әкем мен анам мектепке бар дейді», «Мектепте мен 5 алғым келеді, мені бәрі мақтайды», «Балалардың бәрі барып жүр ғой», «Жаман баға алғым келмейді, маған ұрсады ғой», «Анам, егер оқымасам, қойшы боласың дейді», «Жақсы жауап берсем, мені мұғалім мақтайды», «Егер ештеңе білмей тұрсам, сынып алдында ұят қой» және т.б.
Үшінші – төртінші сынып оқушыларының жауаптары біршама өзгереді, себебі олардың оқу мотивациясы жөніндегі ұғымдары мен түсініктері біршама дамыған: «Менің бағаларымның бәрі 4 пен 5», « Мен оқитын сынып пен мектеп маған ұнайды», «Мұғалімім де тамаша», « Ол қызықты әңгімелейді», «Біздер мұғалімімізбен бірге саяхатқа шығып тұрамыз». Сондай – ақ, бесінші, алтыншы және т.б. сынып оқушыларының жауаптары « қызықты болғандықтан», «ақылды және парасатты болғым келеді», ата–анам талап етеді», «кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады», «қазір барлығы оқиды, сол себепті мен де оқимын», «мұғалім ұнайды», және т.б.
Ал жоғары сыныптарға барған сайын «оқу, оқуға түсу мәртебе», «сауатты болғым келеді», «өз Отаныма пайдалы азамат болғым келеді», «ой –өрісімді кеңейткім келеді», «жақсы баға алу маған ұнайды», «топтық және терең білімге қол жеткіміз келеді», «өз бетімше жұмыс істегім келеді», «бұл –менің парызым»деген сияқты жауаптар арқылы оқушылардың оқу мотивацияларын анықтауға болады. Зерттеулер көрсеткендей, кіші және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың ұнамды оқу мотивациялары қалыптасуы үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар кезігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |