Қолайлы жағдайлар арасында:
1) көпшілік балалардың мектепке ұнамды қатынасы;
2) мұғалімге толық сенім арту;
3) жаңа әсерлерге деген құштарлық қажеттік;
4) табиғи зерделілік.
Қолайсыз жағдайлар:
1) тұрақсыз зейін;
2) ауыспалы қызығулар;
3) ерік қасиетінің қалыпқа түспеуі.
Көптеген оқушылар іс– әрекеттерге еліктеумен қатысады, ал енді қандай да бір істі өзі орындауы қажет болып қалса, мұғалімнің көрсетпелерін күтіп, күйзеліске түседі, яғни сабақтың нәтижесіне (жақсы баға) көзі жетсе ғана, жұмысқа кіріседі. Оқу – тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін педагог процесте іске қосылатын мотивацияларды зерттеп барады, әсіресе оқушылардың қызығулары мен қажеттеріне назар салады. Бұл оның аса қиын кәсіби міндеттерінің бір қыры. Мотивацияларды білу олардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Мотивацияларды зертеу барысында оларға байланысты мәселелердің майда– шүйделерін бәрін ұмытпай қамту үшін келесі нұсқаулар жүйесін (алгоритмдерді) пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |