23.2. Мотивтерді топтап бөлу
Мотивация түрі өте көп және олар бір – бірімен тығыз байланысты. Оқу жүйесінде мотивацияларды әртүрлі сипаттармен топтастыруға болады.
Әлеуметтік және танымдық болып ажыратылады.
1.Кең әлеуметтік мотивация – борыш, жауапкершілік, оқудың әлеуметтік маңызын түсіну, тұлғаның оқып – үйренуі нәтижесінде қоғамда өз орнын алып, өз әлеуметтік беделін көтеруі.
2.Тар әлеуметтік мотивация – болашақта лауазымға ие болу, айналасындағылардың көзіне түсу, еңбек табысына қол жеткізу, мадаққа ұмтылу.
3. Ауқымды танымдық мотивация – бұл оқу процесінің өзінен және оның нәтижесінен қанағат алу.
4.Оқу –танымдық мотивация – бұл білім ізденісіне бағытталу, нақты оқу пәндерін игеру.
5. Өзіндік білім мотивациясы – бұл қосымша білімдер игеруге бағытталуы.
Оқу мотивациясы сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
6. Сыртқы мотивация –педагогтар, ата– аналар, сынып, жалпы қоғам ықпалдары. Олар келесі формаларда әрекетке келуі мүмкін: сыбыр,ым,талап, нұсқау,қамшылау,зорлау.
7. Ішкі мотивация – оқушыны өзінің іштей оқуға болған ынта – ықласын оятып,өзіндік әрекетке еліктіруші күштер(борыш,сезім, мұғалімнің мадақтауын күту, жазадан қорқу, үлкендер талабына қарсы тұрмау әдеті, қызығу,өзімшілдік,бедел тұрақтату, ата– анасын қуанту, «5» алу ниеті, мақтау, мадақтау, мадаққа ұмтылу ). Аталған мотивтердің бәрі бірлесе әрекетке келеді. Бірақ олардың арасында біреуі жетекші, ал қалғандары – қосалқы қызмет атқарады. Мұғалім осы жетекші мотивтерді ажыратумен, оны тірек құрал ретінде пайдаланады. Оқу – тәрбие процесінде жоғары нәтижеге жету үшін педагог осы процесте іске қосылатын мотивтерді зерттейді, әсіресе оқушылардың қызығулары мен қажеттіліктеріне көңіл аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |