Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет43/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Негізгі ұғымдар: мақсат, тәрбие мақсаты, тәрбие міндеті.

4.1. Тәрбие мақсатының қоғамдық тарихи сипаттамасы

Тәрбиенің мақсаты деп – тәрбие нәтижесінде қол жеткізгіміз келетін, болашақта тәрбиеленушінің бойында қалыптастырғымыз келетін бүкіл тұлғалық қасиеттерге ұмтылуды, тәрбие жұмысын соған бағыттауды айтамыз.

Тәрбиенің мақсаты – тәрбие арқылы шешілетін тәрбиелік міндеттердің жүйесі.

Педагогика тарихы – тәрбие мақсатының пайда болуы, оның жүзеге асырылуы және жоғалуы және оларды жүзеге асырушы педагогикалық жүйелер сияқты көптеген тізбектерден тұрады. Бұлардан тәрбие мақсатының заман ағымына, қоғам талабына, халықтың құндылықтарына байланысты үнемі өзгеріп, жетіліп тұратындығы байқалады. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты құбылмалы, өзгермелі, нақты – тарихи сипатқа ие.

Біз тарихтан адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың типіне қарай анықталатын бес қоғамдық – экономикалық формацияның болғандығын білеміз. Олар: алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам және капиталистіктен кейінгі қоғам.

Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөліну болмады. Балалардың барлығына бірдей еңбек тәрбиесі берілді. Оларды күн көруге, яғни тіршілік сақтап қалуға – аң аулауға, балық аулауға, киім даярлауға үйретті. Арнайы тәрбие мекемелері болған жоқ.

Құл иеленушілік қоғамда тәрбие мемлекеттің ерекше функциясына қызметіне айналды. Тәрбиелеумен айналысатын арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болды.

Қоғамда екі түрлі таптың болуы тәрбиенің де екі түрлі сипатта болуына әкелді. Яғни тәрбиенің дуалистік сипаты болды. Құл иеленушілер балаларын өнерге, ғылымға ұмтылған билеуші рөлін орындауға тәрбиелеуді мақсат етті. Мұнда негізінен әскери тәрбие мен дене тәрбиесі берілді. Ал құлдар тек сөйлеуші құрал ретінде тәрбиеленді.

Феодалдық қоғамда, орта ғасырда тәрбие діни сипатта болды. Тәрбие ісін негізінен діндарлар жүргізді. Феодалдардың балаларына рыцарлық тәрбие, ал шаруалардың балаларына еңбек тәрбиесі берілді.

Капиталистік қоғамда буржуазия мен пролетарлар табы өмір сүрді. Билеуші тап өндірістің дамуы үшін амалсыз білімдірек жұмысшыларға мұқтаж болды. Сондықтан білім беру мекемелерін ашуға мәжбүр болды. Ал буржуазия балаларына өндірісті, қоғамды, экономиканың даму бағытын басқаратындай жақсы білім беру қажет болды.

Капиталистік қоғамнан кейінгі қоғамда, яғни рыноктық қатынастар қоғамында, демократиялық қоғамдағы тәрбиенің сипаты осы қоғамдағы өндірістік қатынастардың ерекшелігіне байланысты, қоғамдық мұқтаждықтар мен әлеуметтік сұраныстарға, ғылымның даму деңгейі мен қарқынына қарай анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет