Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым



бет2/4
Дата19.09.2024
өлшемі191 Kb.
#204716
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Психологиялық тренинг Мен өмірді таңдаймын

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.


Кіріспе сөз
... Адам өмірінің үміттен тұратынын ұмытпайық. Әркім келешегіне үміттене қарайды. Ғұмыр біткенде ғана бұл үміт сөнбек, әлі талай өмір сүресің емес пе? Өмірден күдер үзгендер бастарынан нендей пайда әкеледі дейсің. Ел-жұртқа әңгіме болып, өз қадірін кетіргеннен басқа. Алла алдында еш қадірі жоқ шайтан ғана жаннатқа барудан күдер үзсе керек. Сондықтан «үмітсіз шайтан» дейді халқымыз. Олай болса үміт оты жанады, жана берсін дейік.


Тапсырма:
1. «Басқа түскен қиындық қатып қалмайды»-деген сөзді қалай түсінесің?
2. Досыңның басына қиын іс түсті.... Әрі қарай осы қиындықтан шығаруға үміт жолдарын көрсетіп әрекет ет.
3. Мына арқылы қорытындылаңыз; а)қара бұлт; ә) нөсер жауын; б)шуақты күн


«Армандар» жаттығуы
Мақсаты: өзінің алдына қойған арман, мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жандарын көз алдына елестетуге тырысады. 1-2 мин. Уақыт беріледі. Келешекте өзін көз алдына қалай елестететіні туралы айтып беру немесе қағаз бетіне түсіру.


«Жалғастыр» жаттығуы
Мақсаты: психологиялық және дене қатаюынан, күштенуден арылту, топты ұйымдастыру.
Нұсқау: Ақ қағазды алып, өзіңізге ұнаған түсті қарындашты таңдаңыз. Мен қалай белгі бергенде сурет салуды бастап, келесі белгі бергенде тоқтатып, қағазды сол жақ көршіңізге бересіз, ол жалғастырады. Осылай өз суретіңіз өзіңізге келгенше жалғастыра бересіз.
Қорытынды: Сізге шыққан сурет ұнады ма? Өз көңіл-күйіңізді, сезіміңізді бөлісіңіз. Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма? Байқадыңызба біз әрқашан да бір-бірімізді толық түсіне бермейді екенбіз, осындай жағдайларда да жағымды көңіл-күйде қалуға болады екен.


«Менің көңіл-күйім» тесті

  1. Менің көңіл-күйім жиі нашар болады, жылаймын.

  2. Адамдармен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.

  3. Мен жиі ашуланамын.

  4. Мені көпшіліктің өмірді маңызды болып көрінетін спорт, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас қызықтырмайды.

  5. Соңғы кезде мен сирек көңілсізденемін, тіпті күлмеймін.

  6. мен білетін адамдардың көбі мені ренжітеді.

  7. Мен әлсіздікті сеземін, жақын адамдармен мен таныстардың өміріне көңілім толмайды.

  8. Соңғы уақытта көп сұрақтарға өзіндік пікірім жоқ.

  9. Мен өте жай сөйлеймін, әңгімелескен адам мені түсінбей қалады.

  10. мен әңгімелескен адамның сұрағына қалай жауап берерімді білмей қаламын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет