Тренинг сабақ
9 сынып
«Мен өмірді таңдаймын»
Дайындаған:
2024-2025 оқу жылы
Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын» тренинг сабақ.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу. Оқушыларды тани, түсіне білу. Оқушының өмірге дген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге тәрбиелеу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу өз-өзіне сенімділігін арттыру.
Міндеті: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу. Жасөспірімдер арасындағы мазасыздық деңгейлерін азайту, мақсатқа ұмтыла білуге үйрету. Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Сабақтың типі: жаттығу сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілі: топтық, ойын жаттығу, тест, пікір-сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнелі суреттер, карточкалар т.б.
Сабақтың болжамдаған нәтижесі:
Оқушылардың әрбірі қайталанбас тұлға екенін сезініп, өз бойларындағы адами құндылықтарды бағалайды. Оқушылар топтық жұмыстар барысында бірін-бірі тыңдауға, бірігіп ойлануға үйреніп, олардың тіл табысу қабілеттері қалыптасып, өз сезімдерін реттеуге үйренеді. «Мен тұжырымдамасына» тереңірек көніл бөліп өздеріне сенімділігі артады.
Сыныбы: 9 сынып
Сабақтың жоспары:
Оқушыларға тапсырма 5 мин;
«Армандар» жаттығуы 3 мин;
«Жалғастыр» жаттығуы 5 мин;
«Менің көңіл-күйім» тесті 5 мин;
«Мейірімділік алаңы» жаттығуы 3мин;
«Менің көңіл – күйім қандай?» жаттығуы 2 мин;
«Ақиқат орындығы» жаттығуы 10 мин;
«Күн шуағы» жаттығуы 5 мин;
«Сыйлық» жаттығуы 5 мин;
Қорытынды 2 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |