Қазақстан республикасының білім



бет1/2
Дата15.10.2023
өлшемі115,45 Kb.
#185521
  1   2
Байланысты:
Тәрбие 1 ші



Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ – түрік университеті


БӨЖ


Тақырып:Қабілеттер мен дарындылық


Орындаған:Орынбай Ж.


Қабылдаған:Данияров Т.
ЖОСПАР

  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім

Қабілет жайлы жалпы түсініктер
Дарындылық туралы жалпы түсінік
Қабілетпен дарындылықтың өз ара байланыстары
Талант – қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі

  1. Қорытынды

Бала қабілетін тәрбиелеу


КІРІСПЕ

Еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икмі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы тиіс. Еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икмі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.


Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Олбіреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын болса да) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігі айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез жөнді ұсына алмағандықтан, қбілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Акедемияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруді жағай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көріністен өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мұмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыкантың, актердің, споршының, математик-ғылымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы тұрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырады. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан-жақты қабілетті, аса дарынды адамдар көп болды. Өйткені бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену дәуіріне» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой-өрісі, құштарлығы мен сипаты. Сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды... Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде-бір ірі адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер суретші, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзіндік кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып, Монталамбер және фортификция жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріп кетті. Макиявелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды... Олзамандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың ізбасарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқты. Ф. Энгельс айтып отырған «қайта гүлдену» (дұрысы «ұайта өрлеу».) ХХ- ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңалған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан-жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М.Жұмабаев, т.б. шыққаны белгілі. Адам қабілетінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте көп. Осыдан 200 жылдай бұрын
Германияда «ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекейдің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала жөніндегі алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих «суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын» болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, «географиядан жақсы мағлұмат алады» және мыңнан астам латын мәтелін біледі.Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқатып жүр.
Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5-6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға, немесе химиялық тәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтағы ерекшеліктер туралы жазылған шығармалар есепсіз. Айталық, Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгергенДарынды адамдарды ғылым саласында да көптеп кездестіреміз. Мәселен, қазіргі аттары әйгілі математик С. Мергелян 16 жасында университеттің бірден екінші курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторы атағын алды. Академик Л. Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, он төрт жасында университеттің екінші курсына түседі. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі – зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.
Қандай болмасын әректті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің өзін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады. Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыштық қабілет пен қатар, бақылағыштық, ақыл-ой ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар, сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қажет болады.Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес. Жас шақта сөзгеолақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.
Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен балакезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған. Зор талант иелерінің арасында да қабілеттері өте кеш дамыған адамдар аз емес. Мәселен, В. Скотт бірінші романын 43 жасында, орыс жазушысы С. Аскаков алғашқы кітабын 56 жасында жазған. 40 жасында ғылым докторы болған ғалым Е. К. Гусаеваның өмірі де осы айтылғанға жақсы дәлел. Осы адамдардың жас шағында да қабілеттері болғанмен оның лаулап жануына жағдай тумаған. Көздегеніне жетемін деген сенімнің күштілігі, қайрат-жігерлерінің молдығы – осы адамдардың қай-қайсысына да тән қасиеттер. Адам психологиясының басты бір ерекшелігі: бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Өткен тараулардың бірінде орыс ғалымы О. Скороходованың өмірі жайлы сөзболды. Сол кісінің құлағы естіп, көзі көрмесе де өлшеусіз жаттығып, үйренудің нәтижесінде зор қабілетке ие болғандығы осы айтылғанға айқын дәлел. Сөйтіп, адамның белгілі бір әрекетпен шұғылдануына оның бейімділігі, қызығуы әне басқа қабілеттері демеу берсе, ол ерік жігері күшті еңбек сүйгіш адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның іс-әректті ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды. Қабілеттіліктің даму шегі жоқ. Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді. Талант – бір әректті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. . әректтерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. М. Горький «талантты өсіретін нәрсе - істі сүю» деп бекер айтпаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет