5-тапсырма. Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіңіздер.
Атасы мен немересі компьютердің пайдасы мен зияны туралы сөз қозғады. Немересі компьютердің пайдасын санамалай жөнелді. Одан ақпараттарды тез өңдеуге болатынын, интернет арқылы бәрімен және барлығымен байланысуға болатынын, әртүрлі есептеулер жүргізетінін, құжаттарды безендіру мүмкіндіктерінің зор екенін, уақыт үнемдейтінін және жүздеген адамның жұмысын бір компьютер атқара алатынын айтып тауыса алар емес.