Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


ҚЫРЫМДЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ҚГҚ)



бет185/251
Дата12.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#149297
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   251
Байланысты:
O 1179 u 1178 1201 raly Zh 1201 1179 paly au

ҚЫРЫМДЫҚ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА (ҚГҚ)
Анықтамасы. Қырымдық-Конго геморрагиялық қызба - интоксикация, қызба, геморрагиялық синдромдармен сипатталатын вирусты трансмиссивті табиғи-ошақты ауру. Тарихи мәліметтер. Қырымдық геморрагиялық қызба алғаш рет 1944-45 ж. Қырымда Чумаков М.К. және оның еңбектестерімен анықталған. Ұқсас ауру 1956 ж. Конгода анықталған. Вирус 1967 ж. бөлінген. Сондықтан аурудың атауы Қырым-Конголық геморрагиялық қызба болды. Кешірек Краснодар және Ставрополь өлкелерінде, Астрахань, Ростов облыстарында, Қазақстанда, Өзбекістанда, Түркменістанда, Азербайджанда анықталған. 1956-69 ж. қызба ошақтары Болгария, Югославия, Венгрия, Африка, Үндістан, Пакистан елдерінде тіркелген.
Қазақстанда ҚГҚ 1948 ж. бастап тіркелген. Сонғы 27 жыл аралығында Қазақстанда 503 науқас анықталған. Жамбыл облысында 266 науқас (52,8%), Оңтүстік Қазақстан облысында – 118 (24,5%), Қызылорда облысында – 113 (22,5%) ресми түрде тіркелген. Ауру спорадикалық түрде болған. Сырқаттанушылдық 100 мың. тұрғындарға шаққанда 0,02 - 0,07. Кей жылдары (1989,1995,1999, 2000, 2001) аурудың індет ретінде өршу жағдайлары тіркелген. Сол жылдары 90, 48, 48, 40, 31 адам ауруға шалдыққан.
Жамбыл облысында ҚГҚ табиғи ошағы 1982 ж. анықталған. Табиғи ошақтың территориясында Сарысу және Мойынқұм аудандарының 6 аймағы орналасқан. Аурудың резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum кенелері болып табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші 7,9%.
Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ауру 1948 ж. тіркелген. Ауру Оңтүстік Қазақстан облысының 12 ауданында, Шымкент қаласында анықталған. Аурудың резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma anatolicum және Hyalomma detrium кенелері болып табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 21,7%.
Қызылорда облысында алғаш рет ауру 1964 ж. тіркелген. Аурудың резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum және Dermacenter marginatus кенелері болып табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 11,4%.
Науқастардың жасы 21-50 аралығында болған, жиі ер адамдар ауырған (73,3%), олар малшарушылығында жұмыс істеген (70%). Трансмиссивті жолмен бірге ауру кенелердің қаны теріге, шырышты қабаттарға түскенде берілген.
Атырау, Алматы облыстарында науқастар тіркелмеген, бірақ аурудың тасымалдаушылары бар. Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан облысында вирустармен инфицирленген кенелер анықталуда. Ресейде жыл сайын 300-500 науқас тіркеледі.
Этиологиясы. Қоздырғышы Nairovirus тобына, Bunyariviridae туыстастығына жататын вирус. Вирионы дөңгелек пішінді, көлемі 90-100 нм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет