Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет236/251
Дата05.01.2023
өлшемі4,97 Mb.
#165022
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   251
Байланысты:
aa7506fd368fd4b5e408fb73eb60c40b

ТІЛМЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілме стрептококкты аурулар тобына жатады. Оның негізінде қабынудың ерекше экссудативті, гиперергиялық түрі, гиперемия, қабыну үрдісінің экстенсивті жайылуы, яғни, терінің үлкен аймақтарына шектен тыс таралуы жатыр. Соңғы жылдары жалпы токсикалық синдромның басымдылығымен, ИТШ дамуымен жүретін, ауыр ағыммен ауыратын науқастар саны артты. Сонымен қатар, тілменің асқынулары да жиіледі. Аурудың қайталамалы және рецидивті түрі 35-45% жағдайда науқастың ұзақ уақыт жұмысқа жарамсыздығына әкеледі. Аурудың рецидивті түрінде тамыр патологиясы дамиды, яғни лимфостаз және мүгедектікке әкелетін пілділік.
Тілме кең таралған ауру. В.М.Фролов мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың ішіндегі ЖРВИ, вирусты гепатит және дизентериядан кейінгі төртінші орында. 1980 жылдарға дейін тілменің клиникалық көрінісі орташа ауырлықтағы және ауыр түрлерінің басым болуымен ерекшеленгенін атап өту керек, бірақ сонғы оң жылдықта инфекциялық–токсикалық және геморрагиялық синдромдардың дамуымен жүретін аурудың ауыр формаларының жоғарылағандығы анықталған.

Тілменің ерекшелігі - тілме инфекциясының бірінші түрімен ауырған науқастың 50% - нан көбінде тұрақты стерильді иммунитет қалыптасады. Стрептококқа қарсы жоғарғы сезімталдылықтың ұзақ сақталуы аурудың рецидивті ағымына әкеледі. Тілмелік қабыну кезінде адам ағзасында қоздырғыштың ұзақ уақыт персистенциясы, иммундық жүйеде дисбаланс тудырады. Тілме кезінде екіншілік иммундық жетіспеушілік болады, яғни, аутоиммунды үрдістер дамиды, А және М класының иммуноглобулиндерінің титрі төмендейді.

Тарихи мәліметтер. Көне Грекияда Erysipelas түсінігі - терідегі әртүрлі себепті қабыну үрдісін білдірген. Гиппократ тілмені тек теріні ғана зақымдайтын ауру деп қарамаған, сонымен қатар зақымдалған ошаққа қан құйылумен болатын ішкі ағзалардың зақымдалуын айтқан. Аурудың қоздырғышы стрептококты – тілмелік қабыну ошағының лимфа тамырынан және теріасты май қабатынан 1882 жылы Фелезейн анықтаған. Фелезейн тілме қоздырғышы арнайы тілмелік стрептококк деген тұжырымға келеді, оны Р.Кох дәлелдеді. Ұзақ жылдар бойы тілме - өлім жітімділікпен және қауіпті асқынулармен өтетін ауыр эпидемиологиялық ауру болып саналады. Э.А.Гальперин және Черкасов В.Л. Совет Одағы кезінде тілменің мәселелерін зерттеуге үлкен ұлес қосқан.


Этиологиясы. Тілме этиологиясының негізгі ролін А тобының стрептокогы атқарады (син: β-гемолитикалық стрептококк, Streptococcus pyogenes).
Қоздырғыш адам ағзасынан тыс жерде тұрақты, қурғаққа және төменгі температураға төзімді, 56°C температурада 30 мин. қыздырғанда өледі. Стрептококтың патогендік қасиеті ағзаға, тіндерге оның жасушалық қабырға токсиндерінің, ферменттердің, антигендердің биологиялық әсеріне байланысты. А тобы стрептокогының жасушалық қабырғасы үш қабаттан тұрады. Қабырғаның беткей қабаты - арнайы және арнайы емес антигендері бар белоктан тұрады. Ортаңғы қабат - гаптен болатын арнайы топтық полисахаридтен тұрады. Ішкі қабаты – пептидогликандардан құралған. Жасушалық қабырғасының сыртқы бөлімінің белокты қабатының астында топтық А-полисахарид орналасқан. Ең бастысы, А-полисахарид стрептококк тимустың эпителиальды жасушаларға және адам терісі эпидермисі антигенмен әсерлесу антигеніне ие. Стрептококтың А-полисахариді тіндерді зақымдайды, сонымен қатар, стрептококты инфекцияның патогенезінде маңыздылығы бар лизосомальды жүйеге әсер етеді.
Стрептококк клетка қабырғасының беткейлік ақуыз қабатының маңызды компоненті М-протеин болып табылады. Басқа стрептококтың арнайы түрлік антигені Т-антиген болып табылады. Ол протективті антиген емес және ол антигенге қарсы антиденелер стрептококтан қорғануды қамтамасыз етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет