170
қатысы бар басқа адамдар арасында токсоплазма жұғушылық
едәуір жоғары екенін
көрсетті (Қ.Қ.Құдайбергенұлы, 1967; С.Ә.Әміреев, 1970). Мысалы, мал жайылымының
жұмыскерлері арасында токсоплазмаға қарсы спецификалық антиденелер табудың оң
нәтижелері 17,2-ден (КБР бойынша) 28,4 пайызға (ЖИФАР бойынша) дейін болатындығы
анықталды, ал Алматы ет комбинаты жұмысшыларында әлде қайда аз болып шықты (3,7-
10,1%).
Әртүрлі авторлардың деректері бойынша ауыл шаруашылық жануарлардың
арасындағы токсоплазмоздың таралуы да айтарлықтай. Мысалы,
ірі қара мал мен
қойлардағы жұғушылық АҚШ-та 11-ден 31 %, Ресейде – 14-32,9 %, Чехословакияда 13-
тен 24 % дейін жетеді (L.Mіller, H.Feldman, 1953; Е.А.Шевкунова, 1961; Гавлик
авторларымен, 1960; И.Г.Галузо, 1965). Кәсіпшілік аңдар да тиісті эпидемиологиялық рөл
атқарады. Ондатралар, қояндар, саз құндызы (нутриялар), терісі қымбат аңдар (күміс-қара
түлкілер) арасындағы токсоплазма жұғушылық 9,4-тен 15,7 % дейін екені анықталды
(С.Ә.Әміреев, 1970).
Достарыңызбен бөлісу: