172
- әртүрлі көріністермен көрінетін манифесті мүшелер.
Жедел токсоплазмоздың патогенезінде 4 фазаны ажыратады.
1. Қоздырғыштың енген жерінде ( тері, ас қорыту жүйесі) қабыну реакциясына
жауап ретінде 1-лік ошақтың түзілуі.
2. Қандай болмасын инфекциялық процестен келесі фаза ретінде – регионарлы
лимфадениттің дамуы.
3. Лимфогематогенді диссеминация – қоздырғыш лимфогенді,
гематогенді
жолдармен бауырға, талаққа, сүйек майына, өкпеге, миокардқа, бүйрекке таралады.
Токсоплазмоздың клетка ішілік көбеюі басталады, псевдоцист түзіледі, токсикалық –
аллергиялық, механикалық әсер клетканың бұзылуына әкеледі, гранулемалар түзіліп,
олардың ортасында некроз дамиды. Жаңа сапалы өзгеріске көшкен кезде 4-ші фаза
басталады, екіншілік ошақ түзіледі немесе токсикалық сепсис түзіліп,
септикалық
процестің компоненттері дамиды. Бұл процесте өмірге қажетті мүшелер зақымданғанда
ақыры аяқталуы мүмкін. Жиі жедел фазасы созылмалы түріне ауысады.
4. Инфекцияның таралуы – арнайы антиденелердің қанға түсу нәтижесінде жаңа
токсоплазмалар біріншілік ошақтан босайды,
цисталар мида, торлы қабықта, миокардта,
қалқа бұлшық еттерінде түзіледі. (4-фаза – аурудың созылмалы стадиясы).
5. Аурудың созылмалы стадиясы жиі клиникалық көрінісі жоқ созылмалы
инфекциясы тасымалдаушыға ауысады, бірақ цист мүшелерде сақталады.
- Қожайын қоздырғыштан толық босайды немесе жазылады.
- Паразит- рецидив немесе процестің қайталап таралуы.
- Инфекциялық процестің ақыры иммунитеттің жағдайына байланысты.
- Токсоплазмоз
иммунодепресивті әсер етеді, ол иммунотапшылыққа әкеледі.
Американдардың айтуы бойынша, токсоплазмоз тек иммунотапшылық жағдайында ғана
дамиды.
- Токсоплазмоз ЖИТС кезінде жайылған инфекция түрінде дамып, ақыры өлімге
әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: