171
қарағанда токсоплазмалардың көзге зиян келтіруі одан да жоғары болуы мүмкін.
Қарағанды облысында жүре пайда болған созылмалы токсоплазмоз ауруына күмәнді 396
науқасты ИФТ әдісімен тексергенде 29,5% көзі токсоплазмалармен зақымданғаны
дәлелденген.
Токсоплазмоз жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы
немесе
қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Бұл қысқа қарай температуралық
фактордың және авитаминоздың әсерінен жануарлар организмі әлсіреп, ауруға қарсы тұру
қабілеттілігі төмендеудің нәтижесінде олардың инфекцияға сезімталдығының күшеюімен
байланысты болуы ықтимал. Мұндай жағдайда бұрынғы жасырын түрдегі инфекция
айқын ағымдық келбет алып, токсоплазмалардың сыртқа шығуы молая түсуі мүмкін.
Қала тұрғындарына қарағанда ауылды жердегі адамдар арасында токсоплазмамен
жұғушылық
біршама жоғары, әсіресе ондай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын
және жабайы жануарлардың терісін өңдейтін кәсіби топтағы адамдарда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: