174
әсерленгіш тұрақтылығы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі,
қозғыштық, секемшілдік,
канцерофобия және т.б.) орташа көрінісі түрінде білінген. Кейбір науқастарда истерия
тәрізді ауыр невроз, диэнцефальды бұзылыстар, эпилепсия нышандары пайда болуы
мүмкін. Вегетативтік-тамырдың бұзылуы болады. Көздің зақымдануы жиі байқалады:
хориоретинит, увеит, алыстан көре алмаушылық үдемек. Эндокриндік мүшелерінің
қызметі бұзылады (етек кір циклінің бұзылуы,
бедеулік, бүйрекүстіндегі бездердің
екіншілік жетіспеушілігі), қалқан безінің қызметі сирек төмендейді.
Перифериялық
қанды
тексеру
барысында,
лейкопения,
нейтропения,
салыстырмалы лимфоцитоз, эозинофильды лейкоциттер мөлшерінің өсу тенденциясы
айқындалған. ЭТЖ қалыпты болып қалады.
Латенттік токсоплазмоз
сипатында, науқасты ұқыпты клиникалық тексеруде,
онда токсоплазмоз нышандарын табудың сәті түспеген (біріншілік –латенттік
токсоплазмоз) немесе хориоретиниттің ескі ошақтары, кальцификаттар, склерозды
лимфатикалық түйіндер түріндегі тек қана резидуальды құбылыс байқалған (екіншілік-
латенттік токсоплазмоз). Латенттік түрдің диагнозы оң
серологиялық реакциялардың
табылуына немесе тері ішінде токсоплазмоздарды байқап білуге негізденген.
Достарыңызбен бөлісу: