243
Этиологиясы.
Адам иммунитет тапшылығын шақыратын вирус «баяу» инфекциялар
қатарына жатады. Адам иммунитет тапшылығын шақыратын
вирус гендік аппараты
рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады
.
Вирус
сыртқы
қабықтан, оған бекіген арнайы белоктар-Gр120, Gр41-ден тұрады. Вирустың ортасындағы
геном рибонуклеин қышқылымен қоса 3 ферменттер бар - кері транскриптаза (ревертаза),
интеграза және протеаза. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус көлемі
жағынан орташа вирустарға жатады. 1 сантиметрлік сызыққа 70-100
мың вирустық
бөлшектер сияды.
Соңғы кездерде адамның иммундытапшылық вирусының биологиялық ерекшелігі
анықталған, ол - вирустың өте тез өзгергіштік қасиеті. Вирус бөлшектерінiң қабығынан
сыртқа шығып тұратын ерекше белоктар өзінің антигендік құрылымын жылдам өзгертеді.
АИВ- инфекция қоздырғышының 2 түрі бар: АИВ-1 және АИВ-2.
АИВ-1 - Солтүстік Америка және Европа елдерінде кең тараған вирус. АИВ-2 –
Батыс Африкада.
Адамда иммунитет тапшылығын шақыратын вирус
сыртқы орта әсерлеріне
тұрақсыз. Вирус 54ºС температураға қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда 1-5 мин
аралығында және де қышқылдық-сілтілік РН орта кенеттен өзгергенде өз қасиетін жояды.
Күнделікті жағдайда қолданылып жүрген дезинфектанттар әсерінен тез арада тіршілігін
жояды. Осыған қарамай вирус ультрасәулелер мен йонды
радиация әсеріне тұрақты
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: