257
эритромицин + гентамицин, бензилпенициллин + рефампицин.
Антибиотикотерапия
әдістерінің
қолданылуында
қанағаттанбаушылық
нәтижелері сақталады, өйткені аурудың рецидивті ағымының дамуы
маңызды орын алады.
Сол себепті, рецидивті тілменің этиотропты емі үшін кешенді антибиотикотерапия (кем
дегенде 2 антибактериальды препараттар) тағайындалады. Ең тиімді қосылыстарды
цефалоспориндер және фторхинолондар (қосылған антибиотикотерапияда гентамицин
және амоксициллинді қолдануға болады).
Патогенетикалық терапия.
1.Тілменің патогенезінде екіншілік иммунды
тапшылықтың ролін ескеріп комплексті емдеу кестесіне міндетті түрде
иммунокорректорлар қосу қажет. Олар: интерлейкин – 2 (ронколейкин), интерферонның
индукторлары (циклоферон, интерферонның индукторы бактериальды сұйық
2. Витаминотерапия - аскорбин қышқылымен бірге В топ дәрумендері 15 - 20
күн тағайындалады.
3. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (реопирин,
индометацин,
диклофенак).
4. Антигистаминді препараттар.
5. Интоксикациямен күресу барысында (5% глюкоза ерітіндісі, 5 - 10% аскорбин
қышқылының ерітіндісі, натрий хлорид изотониялық ерітінді) қолданылады. Тәуліктік
диурез көрсеткіші бойынша қабыну ошағында сулы сұйықтықтың мөлшерін қадағалап
отыру керек.
Жергілікті терапия.
1)
Тілмеде тек дененің соңғы бөліктерінің кең буллезды элементінде жергілікті ем
колдану керек. Жедел тілме
кезінде ошақты тітіркендіріп, бірден экссудацияны
күшейтетін және репарацияны баяулататын Вишневский майың қолдануға тиым
салынған. Эритематозды түрінде бриллиант көгімен, булланы жарғанда фурациллин
ерітіндісі, іріңді асқынулары кезінде хирургиялық ем тағайындалады.Ашылған
көпіршіктердің бетіне 0,1% риванол ерітіндісін немесе 0,02% фурацилин ерітіндісін
тәулігіне бірнеше рет ауыстырып қояды. Ұзақ эрозия сақталған жағдайда эрозия
үстіне винилин (Шостаковский бальзамы) тағайындаймыз. Жергілікті ем көпіршік
пайда болғаннан бастап, репарация үрдісі - қабыршықтанғанға дейін жүреді.
УКС (УФО), УЖЖ (УВЧ), лазермен емдеу қолдануға болады
Тілмемен ауырған науқастарды бақылау және тексеру, стационардан шығару.
Тілменің жеңіл ағымындағы науқастарды үй жағдайында емдеуге болады. Тілменің
рецидивті ағымына (бұрынғы қабыну орнындағы тері инфильтрациясы,
тұрақты ісіну
синдромы, лимфостаз, ұлғайған және ауру сезімді лимфалық түйіндер) әкелетін қолайсыз
қалдық белгілердің болмауымен көрінетін клиникалық сауығудың нәтижесінде
стационарда емделген науқастарға шығарылу ұсынылады.
Келесі бақылау және диспансерлеу тұрғылықты орны бойынша жұқпалы аурулар
емханалық кабинетінде жүргізіледі.
Науқастың күтімі.
Науқас терісінің таза болуын, дәретке отыруын қадағалау.
Науқастарға жартылай сұйық диета, көп сұйықтың ішуі тағайындылады. Тілменің
гангренозды және буллезды түрінде жақсы күтім
және гигиенаны сақтау керек, ал
сонымен қатар іріңді асқынуларды асептикалық ережелерді сақтау қажет. Тілменің бу
ллезді түрінде жарылмаған көпіршіктерді абайлап кесіп, эксудатты шығарып, қабыну
ошағына 0,1% ривонол ерітіндісін немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен күніне бірнеше
рет өндеу жасап ашық ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: