Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет144/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Қайталамалы бруцеллез. 
Нашар эпизоотикалық жағдайлары бар аумақтарда қайталамалы бруцеллез өзекті 
мәселе болып табылады. Бруцеллезден емделген науқастар кәсіптік және тұрмыстық 
жұмыстарына оралып, екінші, кейде бірнеше рет инфицирленеді. Бұрын бруцелезбен 
ауырғандарда клиникалық көріністердің дамуы рецидив (асқыну), суперинфекция және 
реинфекция болуы мүмкін. 
Бруцеллездің рецидивтері, суперинфекция мен реинфекцияның арасында 
салыстырмалы диагноз жүргізу қиынға соғады. Бруцеллездің 
рецидиві
– бұл аурудың 
айығу кезеңінен кейін (1-2-3-5-8 айлар өткенде, кейде бұдан да кеш кезеңде) белгілі 
клиникалық түрінің өршуі болып табылады. Рецидивтертердің себебі эндогенді және 
экзогенді факторлардың әсері болуы мүмкін (қосымша созылмалы аурулардың асқынуы, 
суықтау, интеркуррентті инфекциялардың қосылуы, кейбір физикалық емдеу әдістерін 
ерте қабылдау - балшықпен емдеу, ыстық ванна, сауна қабылдау, тоқпен емдеу және 
вакциналарды, қан препараттарын, пиррогеналды, т.б. қабылдау. Аурудың рецидиві – бұл 
процестің компенсация сатысынан суб- және декомпенсация сатыларына ауысуы. 
Бруцеллездің рецидивінің себебі гранулемалардың ішінде мекендеген бруцеллалардың
қайталама эндогенді генерализациясы. 
Суперинфекция – 
организмдегі
 
біріншілік
 
инфекциялық процесі аяқталмай тұрып 
бруцеллаларды 
қайтадан 
жұқтыру. 
Бруцеллездің 
суперинфекциясы 
біріншілік 
инфекцияның 
клиникасының 
айқындауымен 
жүреді. 
Суперинфекция 
кезінде 
серологиялық реакциялардың титрі және организмнің арнайы сенсибилизация дәрежесі 
жоғарлайды. 
Аурудан сауыққан соң (организмде бруцеллалар жоқ, серологиялық және 
аллериялық реакциялар теріс болғанда) бруцеллезді қайтадан жұқтыру 
реинфекция
деп 
бағаланады. Бруцеллезбен зақымдалған теңіз шошқалары бруцеллалардың жоғары 
мөлшерімен суперинфекцияға резистенттілігін көрсетеді, бірақ инфицирлеуші мөлшердің 
одан әрі жоғарлауы иммунитеттің төмендеуіне әкеледі (П.А.Вершилова, 1961). 
Реинфекция шақыру үшін, зақымдалған сәттен бастап ұзаруының өлшеміне қарай, 
неғұрлым аз мөлшерде және неғұрлым аз вирулентті штамм керек. Суперинфекция ауыр 
клиникасымен сипатталатын жоғары мөлшерлі вирулентті қоздырғышпен немесе 
сенсибилизация денгейінің жоғарлауына және процестің асқынуына әкеліп соғатын 
қоздырғыштың аз мөлшерімен шақыралыды.
Сонғы жылдары бруцеллездің біріншілік ауруында, бруцеллез ұзақтығы 3-5 жылға 
дейін созылатына анықталды. Сонан соң сероаллергиялық реакциялардың жойылғанша 
төмендеуімен сипатталатын екіншілік латенция кезеңі дамиды. Бруцеллездің эндемиялық 
ошақтарында инфекция көзімен жанасқан адамдар міндетті түрде бруцеллезбен қайта 
зақымданады. Бұл науқастың сенсибилизация дәрежесін жоғарлатады және процестің 
компенсациясының бұзылуын шақыруы мүмкін. Бұрын бруцеллезбен ауырған және 


130 
бруцеллезге қарсы оң реакциялары болған адамдағы осындай декомпенсация реинфекция 
немесе суперинфекция деп бағаланбайды. Ол бұрынғы бруцеллездің асқынуы деп 
есептелген соң, дәрегерлік көмекке келген көптеген науқастарда бруцеллез ұзақтығы өте 
үлкен сияқты болып көрінеді (Н.Д.Беклемишев, 1975). 
Х.А.Касымова (1979) бруцеллез бойынша эндемиялық аудандарда инфекция көзі
берілу факторларымен тұрақты жанасқан 68 науқаста бруцеллездің супер- және 
реинфекциясының клиникасын және иммунологиялық реакциялардың динамикасын 
бақылаған. Инфекциялық және постинфекциялық иммунитет төмендеуі әсерінен, 
екіншілік зақымдану біріншілік бруцеллезден 3-30 жыл өткен соң басталады. Қайталама 
бруцеллез жедел немесе созылмалы түрде серологиялық реакция титрінің төмендеуімен 
бірақ гиперсенсибилизациямен өтеді. Кейбір науқастарда аурудың жедел түрі 
(реинфекция) ауыр сипатта және ағзалардың ерте зақымдануымен өтеді. Сонғы жылдары 
кәсіптік топтарда қайталама бруцеллезбен ауыру көбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет