Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет32/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Этиологиясы
.
Қоздырғышы Грам (теріс) таяқшалар, аэробты, спора түзбейтін, 
қарапайым қоректік ортада өсетін Salmonella тобына, Enterobacteriacae тұқымдастығына 
жататын бактериялар. Қоректік ортада, агарда сальмонеллалар түссіз түрден ақ - сұр түсті 
колониялар түзеді. Олардың ферментативті қасиеті бар.
Грам (теріс) сальмонеллалар 
экзотоксиндер түзеді. Олардың ішінде – ішек қуысына сұйықтық пен тұздардың бөлінуін 
(секрециясын) күшейтетін энтеротоксиндер және ішектің шырышты қабатының 
клеткаларындағы ақуыз - синтездік процестерді бұзатын және цитомембранаға әсер ететін 
цитотоксин.
Бактериялар бұзылған (өлген) кезінде бөлінетін эндотоксин жалпы улану 
синдромының себепшісі болып табылады.
Сальмонеллалар О және Н-антигендерге ие. О-антиген-соматикалық термотұрақты 
(термостабильді) антиген. Оның компоненттерінің бірі-Vi-Аг Н-антиген-талшықты, 
термолабильді Аг. 
Сальмонелла тобына жататын микробтарды жіктеу, олардың антигендік 
құрылымына негізделген. Уайт — Кауфман кестесінде жақсы көрсетілген (1934 ж.). 
Барлық сальмонеллалар мынадай серологиялық топтардан тұрады: А, В, С (1, 21), Д, Е 
(12, 34) т.б. Қазіргі кезде сальмонеллалардың 2200 — дай серотиптері бар. Олардың 
ішінде 700 артық адамдарда кездеседі. Жиі кездесетін сальмонеллалар: S. typhimurium, S. 
heidelberg, S. enteritidis, S. newport, S. 
anatu
m, S. derby, S. london, S. panama. 
Сальмонеллалар әртүрлі физикалық және химиялық факторлар әсеріне төзімді. Сүт және 
дайын ет тағамдарда, азық - түліктің органолептикалық құрамын және сыртқы түрін 
өзгертпей 4 айға дейін сақталады жене көбееді. Сальмонеллар тұздауға, булауға, 
қышқылдардың әсеріне және жоғары, әсіресс төменгі температураға төзімді. 
Эпидемиологиясы.
Сальмонеллез жеке спорадикалық жағдай ретінде, сонымен 
қатар эндемиялық өршітпе түрінде кездеседі. Сальмонеллездің эпидемиологиялық 
ерекшеліктерінің бірі - әлемнің көптеген, әсіресе экономикалық дамыған елдерінде 
сырқаттанушылықтың өсуіне айқын бейімділігі. 
Сальмонеллездің негізгі инфекция көзі ауылшаруашылық жануарлары мен 
құстары, сальмонеллезбен ауыратын науқастар, немесе бактериотасымалдаушылар, берілу 
механизмі- фекальды-оральды, жұғу жолдары - алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-


34 
контактілі. Сальмонеллездің негізгі жұғу жолы — алиментарлы, ал инфекцияның берілу 
факторлары болып әртүрлі тағамдық азық - түліктер (мал, балық, шаян, устрица моллюск, 
жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері және т.б.). Су инфекцияның тікелей немесе жанама 
берілу факторы ретінде саналады. 
Соңғы 
жылдары 
"госпиталдық" 
сальмонеллез 
жағдайлары 
біршама жоғарылады. Жұқпа көзі болып тек адам табылады (жиі науқас балалар, сирек 
қызметкерлер, аналар, босанатын әйелдер). Бұл ошақ біртіндеп дамып, ұзақ сақталуы 
мүмкін. Үрдіске бір жастағы балалар көп араласады, және ол жоғары өлім дәрежесімен
аурудың ауыр клиникалық ағымда өтуімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет