Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет75/400
Дата07.02.2022
өлшемі5,03 Mb.
#91417
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   400
Байланысты:
infekcialik-aurular (1)

Тарихи мәліметтер. Амебиазды нозологиялық форма түрінде 1891ж. Counsilman және Lettler бөліп алып «амебалық дизентерия» деп атады. 1906 ж. Masgrave және Class E historica тудыратын қазіргі кезде қолданылатын «амебиаз» терминін енгізді. 1875ж. Ф.А.Лещ қоздырғышты сипаттап жазды. 1893ж. Quineke және Ross амеба цисталарына сипаттама берді. Ішек тіндері мен бауыр абсцестерінен амебаны бірінші рет Кох тапты. (1883ж.) 1903ж. Shaudine ішекте болатын амебалардың морфологиясы мен биохимиясын зерттеп, патогенді амебаны Entamoeba hystolytica, патогенді амеба емес амебаны Entamoeba соІі деп атады.
Этиологиясы. E.hystolitica Entamaebae тұқымдастығына, Sarcodinae (жалғанаяқтылар) класына, Protozoa типіне жатады.
Амебаның тіршілік циклы 2 кезеңнен: вегетативті (трофозоит) және тыныштық (циста) тұрады. Олар иесінің организмінде орналасу жағдайына байланысты бір-біріне ауыса алады.
Амебаның даму кезеңдері:

  1. Тіндік түрі (эритрофаг);

  2. Қуыстық (коменсальді) түрі;

  3. Циста (сыртқы ортаға төзімді, ылғал нәжісте сақталады, құбыр суында 1 айға дейін сақталуы мүмкін).

Тіндік түрінің сипаттамасы:

  1. Пішіні үлкен (20-25 мкм), цитоплазмасы анық эктоплазма мен эндоплазмаға бөлінген;

  2. Инвазивтілігі бар;

  3. Жақсы қимылдайды;

  4. Жедел амебиазда және сирек нәжісте анықталады.

Вегетативті түрі (үлкен):

  1. ұзындығы 30-80 мкм;

  2. қимылдайды;

  3. эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер);

  4. тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін өледі).

Қуыстық түрі:

  1. ұзындығы 10-20 мкм;

  2. аз қимылдайды;

  3. тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен амеба тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.

Цистаалды түрі:

  1. ұзындығы 12-20 мкм;

  2. аз қимылдайды;

  3. реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.

Тыныштық кезеңі:
әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде

  1. өлшемі 9-14 мкм;

  2. реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады;

  3. өте төзімді болады;

  4. жоғары температура, кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа дез.ерітінділерге төзімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет