Эпидемиологиясы. Антропоноз. Ауру көзі ауру адам, одан да қауіпті амеба тасымалдаушылар, созылмалы түрдегі аурулар, реконвалесценттер.
Берілу механизмі – фекальді –оральді.
Берілу жолы – тағамдық, сулы, тұрмыстық-қатынастық.
Берілу факторлары – тағамдық азықтар -әсіресе көкөністер, жемістер, сирек жайма, ыдыс, ойыншықтар. Амебиазға спорадикалық аурушылдық тән.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
Аурудың дамуына преморбидті фон, интеркурентті аурулар, гипо-авитаминоздар жағдай тудырады;
Тоқ ішектің қабырғасына амебаның тіндік түрі ғана еніп, көбейе алады;
Амебаның енуіне амебаның тіндік түрінің бөлетін протеолитикалық ферменттер жағдай жасайды;
Енген жерде некроз ошағының түзілуімен инфильтрат дамиды, содан кейін ол жара түзіп, ыдырайды;
Жиі соқыр ішек зақымдалады;
Макроорганизмнің резистенттілігі төмен және амебалардың массивті инвазиясында амебаның тіндік түрі қанайналымына еніп, органдық зақымданулар шақыруы мүмкін (бауыр, өкпе, ми және басқалар);
Аллергиялық реакциялар қалыптасады.
Тоқ ішекте түзілетін инфильтрат – түйіншек, шеттері жыртылған, түбі майлы, іріңмен жабылған жаралар. Перфорациялар болуы мүмкін. Жаралар аз өзгерісті шырышты қабатта орналасады. Жаралар тыртық түзіп жазылады. Амебалар, полиптер, кисталар, ішектік қан кетулер түзілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |