АМЕБИАЗ Анықтамасы. Амебиаз – Entamaebae hystolitica-мен шақырылатын, тоқ ішектің жаралы зақымдануымен және әрбір ағзаларда абсцесстердің түзілу мүмкіндігімен, ұзақ және созылмалы ағымға бейімділігімен сипатталатын протозойлы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Амебиаз бүкіл дүние жүзінде тіркелген. Жер шары тұрғындарының 1% зақымдаған, бірақ жұқтырғандардың жалпы санының 10% айқын клиникамен тіркелген. Ең жоғары ауру көрсеткіші тропикалық және субтропикалық климаты бар мемлекеттерге болады. Азия және Африка мемлекеттерінде тұрғындардың зақымдалу көрсеткіші – 30%. Ресей және басқа жақын жатқан елдерге, әсіресе кавказдық және Орта Азиялық аймақтарда амебиазбен ауру қауіпі жоғары.