Метамизол-натрий (анальгин) − Metamizolum natrium (analginum)
1-Фенил-2,3-диметил-4-метиламино-пиразолон-5-N-метансульфонат натрий тұзы.
Ақ немесе аздау сарғыш кристалды ұнтақ. Дымқыл жерде тез үгіледі. 160 бөлігі 95%-ті спирте, 1,5 бөлігі суда ериді, эфирде, хлороформда,
ацетонда ерімейді.
Дәрілік түрі: таблеткалар, дәрі егуге арналған ерітінді.
Пропифеназон – Propyphenazonum
1-Фенил-2,3-диметил-4-изопропил-пиразолон-5
Ақ сарылау түсті кристалды ұнтақ. Суда аз ериді, спирте, метиленхлоридте, хлороформ және эфирде жақсы ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |